Ерейментау ауданы Ерейментау қаласы мен Майлан ауылы әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап, Ерейментау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Ерейментау қаласы әкімдігіне бес кандидаттарды тіркеді:
- Ахметов Талғат Темірболатұлы – 12.11.1972 жылы туған, «Сартай» оқыту және құтқару Орталығы» ЖШС Бас директор, Ерейментау қаласында тұрады (өзін-өзі ұсынған).
- Әлдібеков Нариман Қазбекұлы - 06.02.1983 жылы туған, «Ерейментау қаласының агротехникалық колледжі» МКҚК, оқытушы, Ерейментау қаласында тұрады (өзін-өзі ұсынған).
- Сәулебаев Мейрам Қаеркенұлы – 01.01.1987 жылы туған, «Ерейментау ауданы әкімінің аппараты» ММ, жұмылдыру дайындығы бөлімінің басшысы, Ерейментау қаласында тұрады (өзін-өзі ұсынған).
- Тылик Алина Владимировна – 28.05.1996 жылы туған, «Торғай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, бас маманның м.а. Торғай ауылдық округінің Торғай ауылында тұрады (өзін-өзі ұсынған).
- Шошанов Алимжан Кайратович – 08.02.1987 жылы туған, «АСК KZ» ЖШС директор, Ерейментау қаласында тұрады (өзін-өзі ұсынған).
және Майлан ауылы әкімдігіне бес кандидаттарды тіркеді:
- Ертай Есенгелді - 02.02.1988 жылы туған, «Ерейментау ауданы Еркіншілік ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Еркіншілік ауылдық округінің Еркіншілік ауылында тұрады (өзін-өзі ұсынған).
-Исенова Қарлығаш Бауржанқызы - 17.01.1983 жылы туған, «Ерейментау ауданы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы, Ерейментау қаласында тұрады (өзін-өзі ұсынған).
- Руленов Манас Қанатұлы-14.08.1990 жылы туған, Ақмола облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет «МК» КЕАҚ Ерейментау ауданының бөлімі, операциялық залының басшысы,. Ерейментау қаласында тұрады, (өзін-өзі ұсынған).
-Сұлтанова Сәуле Уалиханқызы - 17.05.1971 жылы туған, Оқытушы, «Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ, Астана қаласында тұрады (өзін-өзі ұсынған).
-Хавджалел Хасамхан - 22.05.1983 жылы туған, Экономика факультеті деканының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КЕАҚ. Целиноград ауданың Қоянды ауылында тұрады (өзін-өзі ұсынған).
Ерейментау ауданы Ерейментау қаласы мен Майлан ауылы әкімдігіне тіркелген кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт-насихатқа кірісуге құқығы бар, ол кандидатты тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау күнінің алдындағы күннің жергілікті уақыты бойынша нөл сағатта аяқталады.
2024 жылдың 25 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2024 жылдың 14 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылдың 25 тамызындағы «Кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы үшін қаражат бөлу қағидалары мен көлемдерін бекіту туралы» 12/202 қаулысына сәйкес барлық кандидаттарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін тең жағдайлар жасалатынына кепілдік беріледі