Ерейментау ауданы Ерейментау қаласы мен Майлан ауылының әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы
2024 жылғы 20 тамызда Ерейментау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті.
Ерейментау ауданы Ерейментау қаласы мен Майлан ауылының әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы сайлау комиссиясының төрағасы З.С.Ербатырова баяндама жасады. Ол 2024 жылдың 8 тамызы мен 20 тамызы аралығында Ерейментау қаласы әкіміне 6 кандидат және Майлан ауылы әкіміне 5 кандидат ұсынылғанын хабарлады. Барлық үміткерлер өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды. Ұсынылған кандидаттардың арасында 8 ер адам және 3 әйел бар.
20.08.2024 жылғы жағдай бойынша тоғыз кандидаттың сәйкестігі анықталды. Бір кандидат Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің хатына сәйкес мемлекеттік қызметшілерге қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмейді.
Қазіргі уақытта Ерейментау қаласы мен Ерейментау ауданы Майлан ауылының әкімдеріне кандидаттарды тіркеу процесі жүріп жатыр, ол ағымдағы жылғы 25 тамызда сағат 18.00-ге дейін жалғасады. Сайлау туралы заңнамаға сәйкес аудандық сайлау комиссиясы мемлекеттік органдармен бірлесіп кандидаттар ұсынған құжаттардың дұрыстығын тексеру бойынша жұмысты жалғастыруда.