2024 жылғы 15 қыркүйекке тағайындалған өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатқан Ерейментау ауданының Ерейментау қаласы мен Майлан ауылы әкімдерді сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары

                                    

2024  жылғы 15 қыркүйекке тағайындалған өкілеттіктерін мерзімінен  бұрын тоқтатқан Ерейментау ауданының Ерейментау қаласы мен Майлан ауылы әкімдерді сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары

 

1. Әкімдерді сайлауды тағайындау (әрі қарай -әкімдер).

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Әкімдердің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған немесе тиісті әкімшілік аумақтық бірлік құрылған күннен бастап бір ай ішінде

 2024 жылғы 7 тамыз

(113-1-б 1-т, 2-т (1-т)

2. Тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау округтерінің тізімдерін оның шекараларын және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып жариялау

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2024 жылдың 17 тамыздан кешіктірмей

 ( 22-б, 2- т)

3. Аумақтық сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2024 жылдың 17 тамыздан кешіктірмей

 (13-б, 4 -т)

 

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау  

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

2024 жылдың 22 тамыздан кешіктірмей

(17 -б, 2-т)

 

5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудан әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде

2024 жылдың 22 тамыздан кешіктірмей

 (23-б, 5-т)

 

6. Әкімдікке кандидаттарды ұсыну

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар, өз мүшелерінің арасынан, егер ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден аз кандидат ұсынылса, аумақтық сайлау комиссиясына әкімге кандидат, сондай-ақ жоғары тұрған әкім болып сайлануға ниет білдіргені туралы өтініш беру арқылы өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар

Егер сайлау тағайындалған күннен кейінгі күнде басталады және егер сайлау тағайындалған кезде өзгеше белгіленбесе, сайлау өткізілетін күнге дейін жиырма бес күн бұрын жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады.

2024 жылы 8 тамызда басталып, 2024 жылы 20 тамызда жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 18-де аяқталады

                                                                      ( 113-3 -б)

 

7. Әкімдікке кандидаттардың оларға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

Аудандық сайлау комиссиясы уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп

( 113-2, 4- б)

 

 

 

 

8. Әкімге кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру.

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Әкімдікке кандидаттың талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

 (31-б, 14-б (8-1-т)

 

9. Әкімдікке кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Кандидаттың Конституциялық заңда,  Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде

 (113-4-б)

 

10. Әкімдікке кандидаттарды қолдап  жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

 

Құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктерді беру жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлерін тарта отырып аудандық сайлау комиссиясы

Тиісті аумақтық сайлау комиссиясына қол қою парақтарын тапсырғаннан кейін үш күн мерзімде.

(113-4-б, 8-т, 9-т.)

 

11. Жергілікті аткарушы органдардың шотына тиісті қаржы республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі (2024 жылғы 1 қаңтарға  ұсынылған әрбір кандидат үшін 85 000 теңге)

 

Әкімдікке, саяси партияларға кандидаттар (ұсынылған әрбір кандидат үшін)

Кандидат тіркелгенге дейін

 (113-5 –б, 2-т.)

 

12. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің  түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен және нысанда тұрғылықты жері бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну (2024 жылғы 1 тамызға)

 

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Кандидатты тіркеуден бұрын

(113-5-б, 3-т.)

 

13. Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кірістер органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

 (113-5-б, 3-т)

 

14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті  куәліктер беру

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен жиырма күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады

2024 жылғы 8 тамыздан бастап, 2024 жылғы 25 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

(113-5-б)

 

15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

(113-5-б, 9-т)

 

16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және аудандық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін

2024 жылдың 24 тамызға дейін

 (28-б, 6-т)

17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2024 жылдың 25 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталады және 2024 жылдың 14 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

 (27-б, 2-т)

18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттармен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және аудандық сайлау комиссиясы

 

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

 (28-б, 4-т)

 

19. Акт бойынша сайлау комиссиясына сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылар тізімін ұсыну

 

Аудан әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2024 жылдың 25 тамызға дейін

(24-б, 5-т)

 

20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар тізімін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда

2024 жылдың 30 тамыздан бастап

 (26-б, 1-т)

 

 

21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты  және орны туралы хабардар ету           

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

2024 жылдың 4 қыркүйекке дейін

(38-б, 2-т, 18-б (5-т)

 

22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлауға дейін үш күннен ерте емес және бір күннен кешіктірмей

2024 жылдың 12 қыркүйектен ерте емес және 14 қыркүйектен кешіктірмей

(37-б, 3-т)

 

23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

 2024 жылғы 15 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де

 (40-б, 1-т)

 

24. Дауыс беруді өткізу

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Сайлау күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

 (38-б, 1-т)

 

25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады

 (43-б, 18-б (8-т)

 

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

 

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу  

 (43-б, 8-т)

 

27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды  аудандық сайлау комиссиясына ұсыну

 

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

 (113-8-б, 1-т)

 

28. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу

 

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей

2024 жылдың 18 қыркүйектен кешіктірмей

 (113-10-б, 1-т)

 

 

29. Әкімдерді сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2024 жылдың 21 қыркүйектен кешіктірмей

 (44-б, 4-т (3-т)

30. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәліктер беру

 

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

 

Сайланған әкімді жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сәйкес келмейтін  міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін

2024 жылдың 21 қыркүйектен кешіктірмей

 (45-б. 3-т, 46-б. 1-т, 113-11-б.)

 

 

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

 

2024 жылғы 15 қыркүйекке тағайындалған өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатқан Ерейментау ауданының Ерейментау қаласы мен Майлан ауылы әкімдерді сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары
Дата публикации
07 августа 2024