Ақмырза ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы хабарлама

ХАБАРЛАМА

2024 жылғы 21 шілдеде Ақмола облысы Ерейментау ауданы Ақмырза ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Ерейментау аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Ерейментау ауданы Ақмырза ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Ақмырза ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша Ақмырза сайлау округі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 393 азамат енгізілді, олардың 217  дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 10, "барлығына қарсы" жолында белгісі бар - 0.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Дүйсенов К.Қ.–  119; Мажкенов Е.М. –36  ; Руленов М.Қ. –52 .

Ақмырза ауылдық округінің әкімі болып Дүйсенов Кенжетай Құсайынұлы  сайланды, 1982 жылы туған, «Ақмырза ауылдық округ әкімінің аппараты» ММ, әкім, өзін-өзі ұсынған.

        

Ақмырза ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы хабарлама
Дата публикации
22 июля 2024