Ерейментау ауданы Ақмырза ауылдық округі әкіміне кандидаттардыы тіркеу туралы хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап, Ерейментау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылғы 28 маусымда Ақмырза ауылдық округі әкіміне екі кандидаттарды тіркеді:
Дүйсенов Кенжетай Құсайынұлы17.12.1982 жылы туған «Ерейментау ауданы Ақмырза ауылдық округі әкімінің аппараты ММ әкім Ақмола облысы Ерейментау ауданы Тәуелсіздік көшесі 1/1 мекенжайы бойынша тұрады, (өзін-өзі ұсынған).
Руленов Манас Қанатұлы14.08.1990 жылы туған Ақмола облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет «МК КЕАҚ Ерейментау ауданының бөлімі, операциялық залының басшысы. Ерейментау қ., Бөгенбай к-сі, 2в мекенжайы бойынша тұрады, (өзін-өзі ұсынған).
Отырыс барысында әкімдікке кандидаттарға куәлік табыс етілді.
Ерейментау ауданы Ақмырза ауылдық округі әкіміне тіркелген кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт-насихатқа кірісуге құқығы бар, ол кандидатты тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау күнінің алдындағы күннің жергілікті уақыты бойынша нөл сағатта аяқталады.
2024 жылдың 30 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2024 жылдың 20 шілдеде жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылдың 25 тамызындағы «Кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы үшін қаражат бөлу қағидалары мен көлемдерін бекіту туралы» 12/202 қаулысына сәйкес барлық кандидаттарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін тең жағдайлар жасалатынына кепілдік беріледі
Ерейментау аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы