Ерейментау ауданы Ақмырза ауылдық округінің әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы
2024 жылғы 26 маусымда Ерейментау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті.
Ерейментау ауданы Ақмырза ауылдық округінің әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы сайлау комиссиясының төрағасы З. С. Ербатырова баяндама жасады. Ол 2024 жылдың 13 маусымы мен 25 маусымы аралығында Ерейментау ауданы Ақмырза ауылдық округі әкіміне 5 кандидат ұсынылғанын хабарлады. Барлық үміткерлер өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды Ұсынылған кандидаттардың арасында 4 ер адам және 1 әйел бар
26.06.2024 жылғы жағдай бойынша төрт кандидаттың сәйкестігі анықталды. Бір кандидат Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің хатына сәйкес мемлекеттік қызметшілерге қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмейді.
Қазіргі уақытта Ерейментау ауданы Ақмырза ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу процесі жүріп жатыр, ол ағымдағы жылғы 30 маусым сағат 18.00-ге дейін жалғасады. Сайлау туралы заңнамаға сәйкес сайлау комиссиялары мемлекеттік органдармен бірлесіп кандидаттар ұсынған құжаттардың дұрыстығын тексеру бойынша жұмысты жалғастыруда.