Ақмырза ауылдық округі әкімдеріне кандидаттарды ұсыну туралы ақпараттық хабарлама

Ақпараттық хабарлама

 

2024 жылғы 16 маусымда Ерейментау сайлау комиссиясына 2024 жылғы 21 шілдеге тағайындалған Ерейментау ауданы Ақмырза ауылдық округі әкімінің кезекті сайлауына 2 кандидат – Ершова М.Л. және Е.М.Мажкеновтың ұсыну туралы құжаттар ұсынылды. Кандидаттар өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

Ерейментау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы әкімдерге сайлауға кандидаттардың "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңында, мемлекеттік қызмет туралы заңда тиісті органдарға сұрау салу негізінде қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілейтін болады.

2024 жылғы 21 шілдеге тағайындалған Ерейментау ауданы Ақмырза ауылдық округі әкімінің кезекті сайлауы бойынша күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну ағымдағы жылғы 25 маусымда аяқталды (сағат 18.00-де).

Ақмырза ауылдық округі әкімдеріне кандидаттарды ұсыну туралы ақпараттық хабарлама
Дата публикации
26 июня 2024