Ерейментау ауданы Ақмырза ауылдық округі әкімінің кезекті сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 21- бабы 14-тармағының 6 тармақшасына сәйкес Ерейментау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Ақмырза ауылдық округі әкімінің кезекті сайлауы бойынша Ақмырза ауылдық округінің шекарасында Ақмырза сайлау округі құрылсын.
- Сайлау округінің шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері Ерейментау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және «Ерейментау ақпарат» аудандық газетінде жариялансын.
Комиссия төрайымы З.Ербатырова
Комиссия хатшысы Г.Мамбеталина