Ерейментау ауданы елді мекендерінің шекараларын (шегін) өзгерту және белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) осы бірлескен Ерейментау ауданы әкімдігінің қаулысы және Ерейментау аудандық мәслихаты шешімінің 1-қосымшасына сәйкес жалпы ауданы 16692,0 гектар болатын шекараны (шекті) белгілеу арқылы Бозтал ауылының шекарасы (шегі) өзгертілсін;
2) осы бірлескен Ерейментау ауданы әкімдігінің қаулысы және Ерейментау аудандық мәслихаты шешімінің 2-қосымшасына сәйкес жалпы ауданы 1483,5 гектар болатын шекараны (шекті) белгілеу арқылы Еркіншілік ауылдық округі Енбек ауылының шекарасы (шегі) өзгертілсін;
3) осы бірлескен Ерейментау ауданы әкімдігінің қаулысы және Ерейментау аудандық мәслихаты шешімінің 3-қосымшасына сәйкес жалпы ауданы 28570 гектар, соның ішінде Қойтас ауылдық округінің шекараларында 10000 га болатын, шекараны (шекті) белгілеу арқылы Еркіншілік ауылдық округі Еркіншілік ауылының шекарасы (шегі) өзгертілсін;
4) осы бірлескен Ерейментау ауданы әкімдігінің қаулысы және Ерейментау аудандық мәслихаты шешімінің 4-қосымшасына сәйкес жалпы ауданы 8313,6 гектар болатын шекараны (шекті) белгілеу арқылы Олжабай батыр атындағы ауылдық округі Олжабай батыр атындағы ауылының шекарасы (шегі) өзгертілсін;
5) осы бірлескен Ерейментау ауданы әкімдігінің қаулысы және Ерейментау аудандық мәслихаты шешімінің 5-қосымшасына сәйкес жалпы ауданы 2257,7 гектар болатын шекараны (шекті) белгілеу арқылы Тайбай ауылдық округі Елтай ауылының шекарасы (шегі) өзгертілсін.
|
Ерейментау ауданының әкімі |
Н. Мұқатов |
|
Ерейментау аудандық мәслихатының төрағасы |
М. Абжиков |
схема села Еркиншилик в Койтасском со каз
схема села им Олжабай батыра каз