Түсіндірме жазба
аудандық мәслихаттың шешіміне
"Ерейментау аудандық мәслихатының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 7С-38/2-22"2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақмола облыстық мәслихатының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі №8С-5-3 "Ақмола облыстық мәслихатының 2022 жылғы 13 желтоқсандағы №7С-23-2 "2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" нысаналы трансферттер, бюджеттік кредиттер түсімдерінің, бюджеттік кредиттер бойынша негізгі борышты өтеу сомаларын, сыйақылар сомаларын бөлудің және мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету, жөніндегі шараларды іске асыруға, сондай-ақ ауданда қаржылық қолдауды талап ететін мәселелерге байланысты, аудандық бюджетке өзгерістер енгізу мәселелерін қарастыруымыз керек, осыған байланысты бюджетті нақтылау қажет.
Жыл қорытындысы бойынша аудандық бюджетте кіріс бөлігінің асыра орындалуы күтілуде. Кезеңге нақтыланған жоспар-болжам кезінде меншікті кірістер бойынша 1 351 439,73 мың теңге сомасында, ағымдағы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша нақты түсім 1 377 766,4 мың теңгені немесе жоспардың 101,9% құрады, асыра орындау - 26 326,7 мың теңге. Бұл факт 101 111 "Ірі кәсіпкерлік субъектілері мен мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан түсетін корпоративтік табыс салығы" түсімдер коды бойынша 25 000,0 мың теңге сомасына бюджетті нақтылауға мүмкіндік береді.
І. Аудандық бюджеттің кіріс бөлігі
Барлығы аудандық бюджет кірісінің көлемі 5 074 212,7 мың теңге (277 156,1 мың теңгеге ұлғайып) сомасында жоспарланған.
Оның ішінде облыстық бюджеттен берілетін трансферттер бойынша өзгерістер есебінен:
402 201 "Нысаналы ағымдағы трансферттер" кіші сыныбы бойынша:
Барлығы 121 761,9 мың теңге сомаға ұлғайту, оның ішінде: 65 883,5 мың теңге – тұрғын емес әкімшілік ғимаратты күрделі жөндеу - Ерейментау қаласының Теміржол мәдениет үйі; 30 000,0 мың теңге - Ерейментау ауданының Еркіншілік ауылдық мәдениет үйінің тұрғын емес әкімшілік ғимаратын күрделі жөндеу ("Ауыл-ел бесігі" жобасы шеңберінде); 9 000,0 мың теңге - мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қамтамасыз етуге; 16 878,4 мың теңге - Ерейментау қаласында жылумен жабдықтау (гидравлика) жүйесінің есептік пайдалану режимін әзірлеу.
Барлығы 39 871,7 мың теңге сомаға азаю, оның ішінде:
2 500,0 мың теңге - атаулы мемлекеттік - әлеуметтік көмек төлеуге; 1 306,0 мың теңге - үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға; 545,0 мың теңге - көп балалы аналар мен көп балалы отбасылардан шыққан балалардың жеңілдікпен жол жүруін қамтамасыз етуге; 5 895,1 мың теңге - Ерейментау ауданының Тайбай ауылдық клубы блок-модульдік қазандық сатып алуға; 5 895,1 мың теңге - Ерейментау ауданы Олжабай батыр ауылының ауылдық клубы блок-модульдік қазандық сатып алу; 15 556,1 мың теңге - Ерейментау қаласының №5 қазандығының қазандық жабдықтарын ағымдағы жөндеу; 1 322,3 мың теңге - Ерейментау қаласының жылу трассаларын ағымдағы жөндеу; 1 518,8 мың теңге - Ерейментау қаласындағы сумен жабдықтау және су бұру желілерін ағымдағы жөндеу; 616,5 мың теңге Новомарковка ауылындағы кентішілік жолдарды орташа жөндеу; 4 716,8 мың теңге мың теңге - Техникалық құжаттаманы әзірлеу Ерейментау ауданының 28 шақырым " Еркіншілік – Бұлақсай " аудандық маңызы бар автожолын орташа жөндеу.
402 202 "Нысаналы даму трансферттері" кіші сыныбы бойынша:
Барлығы 80 881,2 мың теңге сомаға ұлғайту, оның ішінде: 63 022,2 мың теңге - Ерейментау ауданының Ақмырза ауылында сумен жабдықтаудың таратушы желілерін қайта жаңарту; 17 859,0 мың теңге - Ерейментау ауданының Жаңажол ауылын сумен жабдықтау жүйесін салу.
Барлығы 6 617,3 мың теңге сомасына азаю, оның ішінде: 0,2 мың теңге - Ақмола облысы, Ерейментау қаласындағы Жантай батыр көшесі бойындағы №83 және 83Б 45 пәтерлі екі тұрғын үйге және № 83а 60 пәтерлі бір тұрғын үйге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу (Түзету); 6 617,1 мың теңге - Ақмола облысы, Ерейментау қаласының 45 пәтерлі екі тұрғын үйіне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу (3,4 позиция) (электрмен жабдықтау, су, кәріз, жылу және абаттандыру).
Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер бойынша өзгерістер есебінен:
402 201 "Нысаналы ағымдағы трансферттер" кіші сыныбы бойынша:
Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алуға-барлығы 96 000,0 мың теңге сомаға ұлғайту.
Өз табысы бойынша 25 000,0 мың теңгеге жылдық жоспар-болжам ұлғайтылды.
Сондай-ақ, өз табыстары бойынша 2,0 мың теңгеге "Жеке тұлғаларға жергілікті бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар" 201 713 коды бойынша жылдық жоспар-болжам ұлғайтылды. Бюджеттік кредиттер бойынша негізгі борышты өтеу сомасы 0,4 мың теңгеге азайтылды.
Мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі шараларды іске асыруға бюджеттік кредиттер бойынша түсімдер жоспары 1 020,0 мың теңгеге азайтылды.
Мемлекеттік кірістер басқармасының өтінімі бойынша түсімдер кодтары арасында сомаларды қайта бөлу жолымен бюджетке сапалы түзету жүргізілді.
Аудандық бюджет шығындары 5 239 439,8 теңге сомасында айқындалды, бос қалдықтарды пайдалануды және кіріс бөлігін ұлғайтуды ескере отырып, нысаналы трансферттер түсімдері бойынша өзгерістерге сәйкес (277 805,9 мың теңгеге ұлғайта отырып).
649,8 мың теңге сомасындағы бос қалдықтарды 2021 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілерге бонустар төлеуге жіберу ұсынылады.
Бұдан басқа, келесі бағдарламалар бойынша 43 086,9 мың теңге сомасында үнемдеу есебінен пайдаланылмаған қаражатты азайту және қайта бөлу қажеттілігі туындады:
жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бойынша - 4 754,0 мың теңге (273,0 мың теңге - мамандарды қайта даярлауға арналған іссапар шығыстары, 192,0 мың теңге – тұрғын үй көмегін көрсету бойынша үнемдеу, 770 мың теңге – Атаулы әлеуметтік көмек төлеу бойынша үнемдеу, 3 519,0 мың теңге – жауынгерлік іс-қимыл ардагерлерін санаторий-курорттық емдеуге талап етілмеген қаражат); Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары тұрғын үй инспекциясы бөлімі бойынша – 1 904,9 мың теңге (77,2 мың теңге – "Ерейментау Су Арнасы" кәсіпорны үшін сорғыларды сатып алу Мемлекеттік сатып алулар бойынша үнемдеу, 685,7 мың теңге – №5 қазандыққа электр берудің резервтік желісін жобалау, Мемлекеттік сатып алулар бойынша үнемдеу, 527,0 мың теңге - Мемлекеттік сатып алуларға су сапасын бақылау бойынша, 137,8 мың теңге – мамандарды қайта даярлауға арналған іссапар шығыстары, 5,6 мың теңге – автожолдарды орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттаманы әзірлеу, Мемлекеттік сатып алулар бойынша үнемдеу, 471,6 мың теңге – жалақы бойынша үнемдеу); аудан әкімінің аппараты бойынша - 10 196,4 мың теңге (8 590,4 мың теңге - бонустарды нақты есептеу бойынша қалыптасқан үнемдеуге байланысты, 2022 жылға арналған бонустарды төлеуге Жергілікті басқару органдарына трансферттер, 885,0 мың теңге – Әскери комитет ғимаратын күтіп ұстау бойынша талап етілмеген қаражат, 721,0 мың теңге – мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлауға талап етілмеген қаражат); құрылыс бөлімі бойынша - 1 005,8 мың теңге (11,0 мың теңге - ауылдарда көше жарықтандыруларын салуға талап етілмеген қаражат, 568,8 мың теңге - ауылдарда көше жарықтандыруларын салуға Жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге мемлекеттік сатып алулар бойынша үнемдеу, 426,0 мың теңге Мамандарды қайта даярлауға арналған іссапар шығыстары); жер қатынастары бөлімі бойынша - 4 356,9 мың теңге (3 527,0,0 мың теңге - жерге орналастыру жобаларын дайындау, 800,0 мың теңге – емхана ауданындағы учаскеге Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеуге талап етілмеген қаражат, 29,9 мың теңге – Елді мекендердің шекараларын белгілеу бойынша үнемдеу); ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бойынша - 831,5 мың теңге (136,5 мың теңге-мамандарды қайта даярлауға арналған іссапар шығыстары, 300,0 мың теңге – Торғай клубын күрделі жөндеуге Жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеу, 395,0 мың теңге – тілдерді оқыту орталығы бойынша бос жұмыс орындары есебінен еңбекақы төлеу бойынша үнемдеу); кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы - 525,0 мың теңге – техникалық қызметкердің еңбегіне ақы төлеуге талап етілмеген қаражат; аудандық мәслихат аппараты бойынша – 1 400,0 мың теңге-бос жұмыс орындары есебінен еңбекақы төлеу бойынша үнемдеу; экономика және қаржы бөлімі бойынша – 18 112,4 мың теңге (142,5 мың теңге – мамандарды қайта даярлауға арналған іссапар шығыстары, 28,9 мың теңге – жеке тұлғалардың мүлкін бағалау, 150,0 мың теңге – бюджеттік кредиттер бойынша қаржы қызметтері, 640,0 мың теңге – жекешелендіру және коммуналдық мүлікті басқару бағдарламасы бойынша талап етілмеген Қаражат, 17 151,0 мың теңге-атқарушы шұғыл шығындарға арналған орган)
Аудан әкімінің аппараты
- 2 258,6 мың теңге - Новомарковка ауылындағы өрт сөндіру бекетін ұстауға
– 400,0 мың теңге - 89 дана көміртегі тотығы датчиктерін сатып алуға
- 1 851,0 - қызметтік автокөлікті жөндеуге
– 889,0 мың теңге - портативті компьютерлік құрылғы мен микрофон сатып алуға
– 377,0 мың теңге-сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтар бойынша семинарға ақы төлеуге (4 адам)
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
- 6 200,0 мың теңге - әлеуметтік қызметкерлерге еңбекақы төлеуге қаражаттың жетіспеушілігі
- 2 630,0 мың теңге - гиг жабдықтар бойынша кредиторлық берешек.
- 200,0 мың теңге - оңалтудың техникалық құралдары (алушылар санын 27 адамға ұлғайту)
- 1 000,0 мың теңге - онкологиялық аурумен ауыратын науқастарға әлеуметтік көмек көрсетуге
- 500,0 мың теңге - айына жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір жарым еселенген мөлшерінен төмен азаматтарға (отбасыларға) әлеуметтік көмек көрсетуге
Құрылыс бөлімі
- 1 880,2 мың теңге - техпаспорттарды ресімдеуге (екі 45 ш. және 60 ш.м. үйлерге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым -241,2 мың. тг; Еңбек ауылындағы сумен жабдықтау - 787,0 мың. тг ; Олжабай ауылындағы көше жарығы 400,0 мың тг.; Тайбай ауылындағы көше жарығы - 452,0 мың.тг)
- 1,0 мың теңге - Жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге және магистральдық тарату желілерін (кәріз) реконструкциялауға сараптамадан өтуге
- 1 000,0 мың теңге - жерге орналастыру жобаларын және жер учаскелеріне актілерді дайындауға (Еңбек ауылын сумен жабдықтау, Тайбай ауылын жарықтандыру)
- 0,5 мың теңге - 2024 жылға арналған шарттарды ұзарту үшін (магистральдық су құбырын қайта жаңарту, үй салу (4позиция), Елтай жарықтандыру, Жаңажол сумен жабдықтау)
ТКШ, ЖМ, АҚ және тұрғын үй инспекциясы бөлімі
- 325,0 мың теңге - 1С Бухгалтерия бағдарламасына қызмет көрсету
- 1 500,0 мың теңге - ауданның су құбыры желілерін дезинфекциялауға
- 8 000,0 мың теңге - Еркіншілік ауылындағы су құбырын ағымды жөндеуге
- 10 000,0 мың теңге - 894 тонна көмір сатып алуға
- 250,0 мың теңге - әкімшілік хаттамалар жасау үшін, планшетті сатып алуға
- 600,0 мың теңге - тепловизор сатып алуға
- 3 000,0 мың теңге - №5 қазандық ғимаратын техникалық тексеру
- 14 836,8 мың теңге - Ерейментау қаласы әкімінің аппаратына трансферттер, оның ішінде 2 000,0 мың теңге – "қарлы қалашықты" жайластыруға, 6 000,0 мың теңге – автожолдарды қысқы күтіп ұстауға, 2 490 0 мың теңге – 7 көше бейнекамерасын орнатуға, 4 346,8 мың теңге-көше жарығын ағымдағы жөндеуге Зеленый Хутор көшесі, Западная көшесі, Мұсабаев көшесі, Октябрьский тұйық көшесі
Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
- 500,0 мың теңге - көше баннерін монтаждау және бөлшектеу
- 395,0 мың теңге - іс-шараларды өткізу үшін гүл сатып алу
- 374,0 мың теңге – Жастар ресурстік орталығы қызметкерлерінің жалақысын ұлғайтуға - 2 ай 30% - ға.
- 850,0 мың теңге - Новомарковка ауылдық клубының штат санын 2 бірлікке 2 айға ұлғайту.
- 1 145,8 мың теңге - бағаның өсуіне байланысты студенттерді оқытуға
- 400,0 мың теңге - Бұқаралық ақпарат құралдары маманы үшін портативті компьютерлік құрылғы сатып алу
7 345,8 мың теңге - 2021 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша бонустар төлеуге (2022 жылғы қалыптасқан үнемдеуді ескере отырып):
- жер қатынастары бөлімі - 1 366,4 мың теңге
- дене шынықтыру және спорт бөлімі - 303,6 мың теңге
- аудан әкімінің аппараты - 2 030,4 мың теңге
- ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі - 169,2 мың теңге
- жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі - 427,4 мың теңге
– кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі- 693,0 мың теңге
- құрылыс бөлімі - 170,6 мың теңге
- аудандық мәслихат аппараты - 1 041,7 мың теңге
- экономика және қаржы бөлімі - 1 143,5 мың теңге