Бюджетті нақтылау тамыз

Түсіндірме жазба

аудандық мәслихаттың шешіміне

 

"Ерейментау аудандық мәслихатының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 7С-38/2-22"2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақмола облыстық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы №8С-3-3 "Ақмола облыстық мәслихатының 2022 жылғы 13 желтоқсандағы №7С-23-2 "2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы " Ақмола облысы әкімдігінің 2023 жылғы 20 шілдедегі №А-7/304 және Ақмола облысы әкімдігінің 2023 жылғы 20 шілдедегі № 2023 жылғы 10 тамызда "2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет көрсеткіштерін түзету туралы" №А-8/337 нысаналы трансферттер түсімдерінің жоспарларына өзгерістер енгізілді, осыған байланысты бюджетті нақтылау қажет.

І. Аудандық бюджеттің кіріс бөлігі

Барлық аудандық бюджет кірісінің көлемі 4 797 056,6 мың теңге сомасында жоспарланған (бекітілген көлемге қатысты 72 115,9 мың теңгеге ұлғайып).

Оның ішінде облыстық бюджеттен берілетін трансферттер бойынша өзгерістер есебінен:

402 201 "Нысаналы ағымдағы трансферттер" кіші сыныбы бойынша:

Барлығы 90 275,7 мың теңге сомаға ұлғайту, оның ішінде: 25 114,4 мың теңге – тұрғын емес әкімшілік ғимаратты күрделі жөндеу - Ерейментау қаласының Теміржол мәдениет үйі; 22 367,5 мың теңге - Ерейментау қаласындағы сумен жабдықтау және су бұру желілерін ағымдағы жөндеу;   15 393,5 мың теңге - қаладағы кәріз және Кәріз Сорғы Станциясы резервуарларын тазалаумен ағымдағы жөндеу ; 7 545,0 мың теңге - Ерейментау ауданының 28 шақырым "Еркіншілік – Бұлақсай" аудандық маңызы бар автожолын орташа жөндеуге техникалық құжаттама әзірлеу;     19 855,3 мың теңге – Үленті ауылындағы кентішілік жолдарды орташа жөндеу

Барлығы 64 685,5 мың теңге сомаға азаю, оның ішінде:

87,0 мың теңге - Ауған соғысының ардагерлеріне Кеңес әскерлерін Ауғанстаннан шығару күнін мерекелеуге біржолғы әлеуметтік көмекке; 69,0 мың теңге - басқа мемлекеттердің аумағындағы ардагерлеріне біржолғы әлеуметтік көмек төлеуге; 1 341,0 мың теңге - мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге; 4 124,2 мың теңге - дүкен ғимаратын күрделі жөндеу және қайта жабдықтау Тайбай ауылындағы клубқа; 4 954,0 мың теңге - Олжабай батыр ауылындағы ауылдық клубтың әкімшілік ғимаратын күрделі жөндеу;  4 151,6 мың теңге - Ерейментау ауданының жылу желілерін техникалық тексеру; 8 085,1 мың теңге - Ерейментау қаласының қалалық жолдарын орташа жөндеу, С. Сейфуллин көшесі;

4 304,5 мың теңге - Ерейментау қаласының қалалық жолдарын орташа жөндеу,  Ш. Уәлиханов көшесі; 14 325,6 мың теңге - Ерейментау қаласының қалалық жолдарын орташа жөндеу, Чкалов көшесі; 17 352,8 мың теңге - Новомарковка ауылындағы кентішілік жолдарды орташа жөндеу;  4 198,3 мың теңге – ауылдарды дамыту және салу схемаларын әзірлеу және Ерейментау қаласының бас жоспарын түзету; 1 692,4 мың теңге - қандастар үшін көшуге арналған субсидияларға 

402 202 "Нысаналы даму трансферттері" кіші сыныбы бойынша:

      Барлығы 166 084,0 мың теңге сомаға ұлғайту, оның ішінде: 11 541,0 мың теңге - Еңбек ауылын сумен жабдықтау жүйесін салу; 100 000,0 мың теңге – Сілеті  ауылында таратушы су құбыры желілерін реконструкциялау; 40 043,0 мың теңге - Ерейментау қаласында Әлжанов және Әл Фараби көшелері бойынша магистральдық жылу трассасын салу; 14 500,0 мың теңге - "Сары-оба – Еркіншілік - Еңбек" қатынасымен 103 шақырым теміржол өткелін салуға жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу.

Барлығы 75 124,3 мың теңге сомаға азаю, оның ішінде: 1 074,3 мың теңге - Тайбай ауылында көше жарықтандыруларын салу; 474,7 мың теңге - Олжабай батыр атындағы ауылда көше жарықтандыруларын салу; 2 000,0 мың теңге - Ерейментау қаласында 60 пәтерлі (жалға берілетін) коммуналдық тұрғын үй салу; 71 575,3 мың теңге - Ерейментау қаласында 45 пәтерлі тұрғын үй салу (3-Позиция). Байланыстыру;

Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер бойынша өзгерістер есебінен:

402 202 "Нысаналы даму трансферттері" кіші сыныбы бойынша:

      Барлығы 44 434,0 мың теңге сомасына азаю, оның ішінде: 11 541,0 мың теңге - Еңбек ауылын сумен жабдықтау жүйесін салу; 24 293,0 мың теңге - Ақмырза ауылында сумен жабдықтаудың таратушы желілерін қайта жаңарту; 8 600,0 мың теңге - Ақмола облысы, Ерейментау қаласының 45 пәтерлі екі тұрғын үйіне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу (3,4 позиция) (электрмен жабдықтау, су, кәріз, жылу және абаттандыру)

  1. Аудандық бюджеттің шығыс бөлігі

Аудандық бюджеттің шығындары нысаналы трансферттер түсімдері бойынша өзгерістерді ескере отырып, 4 961 633,9 мың теңге сомасында айқындалды

"Халықты жұмыспен қамту орталығы" мекемесі таратылуына және оның функцияларын облыс деңгейіне беруге байланысты осы мекеме бойынша бұрын аудандық бюджетте көзделген шығыстар да облыстық бюджетке беріледі.  Ақмола облысы әкімдігінің 2023 жылғы 10 тамыздағы №А-8/337 қаулысына сәйкес Ерейментау ауданы бойынша "Заңнаманың өзгеруіне байланысты жоғары тұрған бюджеттің шығындарын өтеуге төмен тұрған бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" бағдарламасы бойынша сома 96 960,0 мың теңгені құрайды. Осы қаулыны іске асыру үшін келесі бағдарламалар бойынша шығындарды азайту қажет:

- 451 002  "Жұмыспен қамту бағдарламасы" - 69 217,7 мың теңге

- 451 023  "Халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қамтамасыз ету" - 20 500,6 мың теңге

- 451 026  "Мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға жұмыс берушінің шығындарын субсидиялау" - 1 035,0 мың теңге

- 122 005  "Жалпыға бірдей әскери міндетті орындау шеңберіндегі іс-шаралар" - 6 206,7 мың теңге (әскерге шақыру пункті ғимаратын ұстауға талап етілмеген қаражат)

      Барлығы 96 960,0 мың теңге 459 024" Заңнаманың өзгеруіне байланысты жоғары тұрған бюджеттің шығындарын өтеуге төмен тұрған бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер " бағдарламасына оларды кейіннен облыстық бюджетке төлеу үшін жіберіледі.

Бюджетті нақтылау тамыз
Дата публикации
10 ноября 2023