Бозтал ауылы әкімінің «2022 жылы атқарылған жұмыстар туралы және 2023 жылға жоспары» туралы есеп

Бозтал ауылы әкімінің «2022 жылы  атқарылған жұмыстар туралы және 2023 жылға жоспары» туралы  есеп

                                                 Құрметті ауылдастар!

          Бүгінгі таңда мемлекеттік және өңірлік саясаттың негізгі міндеттері билік органдарының азаматтық қоғаммен сапалы өзара іс қимылын құру болып табылады Осыған орай Президент «Әкімдердің халықпен кездесулер өткізу туралы» 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 жарлыққа қол қойды. Осы жарлықты орындау үшін әкімдердің халықпен тұрақты кездесулердің ұйымдастыру бойынша  бүгін біз кездесіп отырмыз

          Сіздерге Бозтал ауылының 4 тоқсан ішіндегі әлеуметтік-экономикалық даму туралы қыскаша ақпарат беруге рұқсат етіңіздер.

          Бозтал ауылының әкімшілік шекарасында бір елді мекен, 9 мал жайылым учаскесі баршылық. Ауылдың аумағында 660 адам тұрады,ер азаматтарының саны 354,әйелдер саны-306,  65-сі зейнеткер,  16 жасқа дейін балалардың саны 205 , 16- 18 жасқа дейін 31 бала, көпбалалы аналар 11, алтын алқа- иелері  1, күміс алқа иелері - 5 адам, 21 мүгедек жан, олардың ішінде бірінші топта - 1 адам, екінші топтағы – 7, үшінші топтағы -13 адам , 1 адам-тыл еңбеккері  

     Жалпы еңбекке қабілеттісі 320 адам. Өнімді кәсіп иесі 40 адам, өнімсіз кәсіп иесі -42 адам, 156  аула бар.

        Ауыл экономикасының ең басты саласы ауыл шаруашылығы

       Бозтал ауыл өңірінде – нақты жұмыс  істейтіні 3 ЖШС-тер «Баянды-Санжар», «Астанаспецстрой», «Маулен-тау» , 20 шаруа қожалығы, 27 кәсіпкер тіркелген және 1 ауылшаруашылық өндірістік корпоративі жұмыс жасайды.

      Мемлекет үшін малшаруашылығы да маңызы зор. Бұл орайда шаруаларға жеңілдетілген несие, мал басына үшін субсидия беріліп келеді.

  2023 жылдың басына ауылда 4143 мүйізді ірі қара, 6153 қой- ешкі, 2661 жылқы және    үй құстары бар.

       Ауыл тұрғындары қысты алансыз өткерудің қамын ойластырады. Ауыл бойынша 9300 тонна шөп жинау жоспарланып  9300 тонна шөп дайындалып маяланды. 2022 жылы ветеренарлық мекеменің мамандары жоспарланған ветеренарлық сақтық жұмысын толық орындады. Карасан,сібір жарасы,туберкулез, яшур ауларға қарсы вакцина егілді.Бүкіл мал біріңғай есеп дерек қорына енгізілді.

    Денсаулық сақтау  саласында бір дәрігерлік-фельдшерлік пункт қызмет көрсетеді, сырқатына байланысты -18 адам тіркелуде отыр , оларға тегін дәрі-дәрмек  таратылуда, 2022 жылы дүниеге келген сәбилер саны 7, 4 адам дүние салды.

Арнайы  профилактикалық тексеруден 2022 жылы жоспар бойынша 310 адам орнына 315 адам өтті.

Бүгінгі  күнге дейін медициналық сақтандыруға жарналарды ешқашан төлемеген немесе жүйелі түрде төлемеген,соның салдарынан сақтандыру мәртебесінен айырылған дербес төлеушілерге оны қалпына келтіру үшін өткізіп алған айлар үшін,тіпті өткен жылға да жарналарды  төлеу қажет болды.Енді оларда балама әдіс пайда болды - алдағы 12 ай үшін төлем жасау және өткен кезеңді төлемей,сақтандырылу мәртебесін алу .

 Бозтал ауылында 430 орындыққа  арналған білім мектебі бар. Білім  алатың балалардың саны 138, орта мектептің жанындағы шағын орталықта  -25 бала тәрбиеленіп жатыр, пән мұғалімдердің жалпы  саны-25

      Ауыл бойынша 167 тұрғын үй бар соның ішінде телефон абоненттердің жалпа саны 125

         Бүгінде ауыл тұрғындарында жоғары жылдамдықты  интернет  қолдануға мүмкіндік қарастырылуда. 2022 жылғы 25 қараша айында  Қазақтелеком АҚ  филиалы-Желі дивизионы» бірлестігі ӨО ӨҚЖБ Ақмола ҚЖПД жолдаған хатыңызға жауап ретінде байланыс сапасын жақсарту мақсатында Бозтал  бағытындағы телекоммуникация жабдықтарын ауыстыру жоспарланып отырғаның ,болжалды жабдықты ауыстыру уақыты 2023 жылдың бірінші тоқсаны деп хабарлады.

Қаржы көзінің болмауына байланысты 2022-2023 жылдары Бозтал ауылында талшықты-оптикалық байланыс желілерін  салу көзделмегенің де   атап кетті.

          Ерейментау ауданының әкімдігі «Ауыл –ел бесігі» жобасы аясында  инженерлік-көлік инфрақұрылымын орташа кентішілік жолдарды жөндеуге қаржыландыруын қарастырды. әкімшілік аумағында 6,2 қашықтағы кентшілік жолдар  қанағаттанарлықсыз жағдайда.Қызметтік хат  жолданды бюджеттік өтінім  ақаулы акт және кентшілік жолдар құнының жиынтық сметалық есебі қоса  берілді,  қаржыландыру жоспарына енгізілсін деп

Бозтал ауылы тұрғындарының қауіпсіздігі мақсатында  Бозтал ауылында  сараптаманың он қорытындысымен жобалау-сметалық құжаттамасы  көше жарығын салуға өтінім жолдадық

          Жыл басынан бері әкімшілікке 56- өтініш түскен, оның ішінде Е-өтініш жүйесі аркылы 35 өтініш түсте, 8-гі  ұжымдық өтініштер, әкімнің жеке кабылдауындаөтініштен 13 –қанағаттарылындырылды 4 -не түсініктеме берілді.

Ауыл әкімшілігінде сауда саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігінде жер учаскілеріне құқықтарды алу төртінші тоқсанда  берілген арыздардың саны 3. Берілген 3- өтініштен 3-і оң нәтижесінде қаралды, 3- 1-ші этап бойынша, 2- ші этап бойынша 1 өтініш қанағаттандырылды егов бұрышы  аркылы 51 қызмет көрсетілді

Жолдарды қысқы кезеңде күтіп ұстау жөніндегі 2022-2023 жылғы өзара ынтымақтастық меморандум жасалды Ол Кыздарбеков Марал, биылғы жылы 2 қаңтар күні 12 шакырым жолымыз қартан тазаланды.

2022 жылғы 12 қазандағы №21 өкімімен бекітілген Бозтал ауылы әкімінің аппаратының коммуналдық мүлігіне    Карасенгір  жер телімінде орналасқан су бөгеті, Ақтөбе жер телімінде орналасқан су бөгеті алынды. Заңдастыру үшін аудан тарапынан  қаражат ,бюджеттік өтінім  ұсынылуда.

Қазан айындағы дәстүрлі Елде адамдарды әспеттеу айлығында да, ауылдас демеушілріміз қаржылай, заттай көмегін ұсынды, 491 мын теңге жұмсалды. Демеушілік көрсеткендер Балжан, КМ Бирлик, Нурмол ШҚ-тары, жеке тұлғалар Байкенов С, Жаниев К, Кантарбаева Ж, Каблғажы М. олардың бәрі алғысқа әбден лайық. Жаңа жыл қарсанында ауылдың 3 жасқа толмаған 26 балаға КМ Бирлик ШҚ сыйлықтар 50 мың теңге көлемінде таратылды.

Құрметті ауыл тұрғындары!

Осы жылы бірлесіп іске асырылатын жоспарлар:

1Ақтөбе,Карасенгір қасындағы су бөгетін заңдастыру жұмыстарын жалғастыру

2.Ауыл –ел бесігі мемлекеттік бағдарлама бойынша жоспарланған жұмыстарын іске асыру жұмыстарын қадағалау

3.Бозтал бағытындағы  телекоммуникация жабдықтарын ауыстыру жұмыстарын іске асыру жұмыстарын қадағалау

Назарларыңызға рахмет!

Бозтал ауылы әкімінің «2022 жылы атқарылған жұмыстар туралы және 2023 жылға жоспары» туралы есеп
Дата публикации
03 ноября 2023