2023 жылдың үшінші тоқсанда ауыл, ауылдық округ және Ерейментау қаласы әкімдерінің, Ерейментау ауданы әкімінің халық алдында тұрақты кездесулерін өткізу туралы ақпарат
"Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 03 наурыздағы №826 Жарлығын орындау шеңберінде ағымдағы жылы тоқсан сайынғы негізде Ерейментау ауданының барлық деңгейдегі әкімдерінің ауыл, ауылдық округ және Ерейментау қаласының тұрғындарымен тұрақты кездесулері өткізіледі.
2023 жылғы 11 шілдеден 26 шілдеге дейін Ерейментау ауданының барлық деңгейдегі әкімдерінің «Әлеуметтік-экономикалық даму және 2023 жылдың екінші тоқсанында көтерілген мәселелерді іске асыру қорытындылары туралы» халықпен тұрақты кездесулері өтті.
Кездесулер өткізілгенге дейін халықтың ең көп санын тарту мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде ресми интернет-ресурстарда, әкімдіктердің (әкімдер аппараттарының) ресми аккаунттарында, әлеуметтік желілерде және көпшілікке жариялау орындарында ақпараттық-үгіт жұмыстары жүргізілді. Ерейментау ауданы әкімдерінің орталық және шағын елді мекендерде, ауылдарда, ауылдық округтерде және Ерейментау қаласында халық алдында тұрақты кездесулер өткізу кестесі, сондай-ақ аудан әкімінің азаматтарды жеке қабылдауын өткізу туралы ақпарат Ерейментау ауданы әкімінің сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылды. Әрбір елді мекенде ұсыныстар жинау үшін арнайы жәшіктер орнатылды (барлығы – 31 жәшігі).
Ерейментау қаласының орталық, шағын ауылдарында және шағын аудандарында барлығы 51 тұрақты кездесу жоспарланып, өткізілді, оған барлығы адам қатысты, барлығы 53 адам сөз сөйледі. Әкімдермен тұрақты кездесулерге дейін және одан кейін азаматтарды жеке қабылдау өткізді, барлығы 48 қабылдау өткізілді. Ағымдағы жылы аудан әкімінің, ауыл, ауылдық округ және Ерейментау қаласы әкімдерінің атына өткізілген тұрақты кездесулерде ешқандай сын-ескертпелер болған жоқ.
Барлығы 53 ұсыныс енгізілді. Аудан тұрғындарын толғандыратын негізгі мәселелер жер мәселелері, жем дайындау, автомобиль жолдарын жөндеу, аумақты абаттандыру, интернетті жақсарту, ұялы байланыс сапасы, елді мекендердің көшелерін жарықтандыру, судың сапасы және оның кейбір елді мекендерде болмауы, электр желілерінің кернеу қуатының тоқтап қалуы, қаңғыбас иттерді аулау және басқалар.
Тұрақты кездесулердің қорытындысы бойынша барлық 53 ұсыныс қаралып, 2 мәселе бақылауға алынды, қаржыландыру жергілікті бюджет:
Кезекті тұрақты кездесулер 2023 жылдың сәуір айында жоспарланған, осы уақытқа дейін биылғы тұрақты кездесулерде қойылған барлық мәселелер бойынша пысықтау қажет.
Бөлім басшылары, қалалық округ әкімдері біздің өңірдің проблемаларын шешуге жауапкершілікпен қарасын, халықпен тұрақты кездесулерде айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі жоспардың орындалуы бойынша сапалы ақпаратты уақтылы ұсынсын.