|
|
Қазақстан Республикасы |
Қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелері
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 14.07.2023 № 382 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
2-тарау. Қауіпті өндірістік объектілерді есепке қою және есептен шығару тәртібі
Заңның 70-бабында белгіленген қауіпті өндірістік объект белгілерінің толықтығын, анықтығын және дұрыстығын және болуын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі қауіпті өндірістік объектілерді есепке қоюды жүзеге асыру кезінде пайдаланушы ұйым ұсынған деректер негізінде тексереді.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 14.07.2023 № 382 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
Қауіпті өндірістік объектіні қайта есепке алу осы Қағидаларға сәйкес қауіпті өндірістік объектілерді есепке қою үшін көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
қауіпті өндірістік объектіні жою немесе оны пайдаланудан шығару;
Заңның 70-бабында белгіленген қауіпті өндірістік объект белгілерінің жоғалуы және Сәйкестендіру қағидаларында айқындалған қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіру тәртібінің өзгеруі.
3-тарау. Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару тәртібі
өнеркәсіптік объектілерде, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне өтініш береді;
әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органға өтініш береді.
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 8-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған немесе осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтер болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын тұлғаның ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды (бұдан әрі – дәлелді бас тарту) көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" портал арқылы жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін – осы Қағидаларға 6 немесе 7-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою туралы хабарламаны немесе қауіпті техникалық құрылғыны есептен шығару туралы хабарламаны не дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын тұлғаның ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" портал арқылы жібереді.
Стандарттың 9-тармағында көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі.
Алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушының қарсылығын көрсетілетін қызметті беруші оны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылдайды.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші оң нәтиже береді немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартады.
4-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Шағым әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті берушіге, лауазымды тұлғаға беріледі.
Әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды тұлға шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
|
|
Қауіпті өндірістік объектілер |
|
|
Нысан |
Қауіпті өндірістік объектілерді есепке қою журналы
|
р/c № |
Күні |
Қауіпті өндірістік объектінің атауы |
Өнеркәсіп саласы және қызмет түрі |
Қауіпті өндірістік объектіні сәйкестендіру ерекшеліктері |
Объектінің орналасқан жері (мекенжайы) |
Заңды, жеке тұлғаның толық атауы |
БСН, ЖСН |
Заңды, жеке тұлғаның мекен-жайы, басшының Т.А.Ә. (бар болса) |
Өзгерістерді енгізу себептері |
Есептен шығару себептері |
Ескертпе |
|
||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
|
||
|
|
Қауіпті өндірістік объектілер |
|
||||||||||||
|
"Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты |
||||||||||||||
|
1. |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің аумақтық департаменттері – өнеркәсіптік объектілерде пайдаланылатын қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою, есептен шығару кезінде; Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары – әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде пайдаланылатын қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою, есептен шығару кезінде |
|
|||||||||||
|
2. |
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
www. egov. kz "электрондық үкімет" веб-порталы |
|
|||||||||||
|
3. |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
3 (үш) жұмыс күні |
|
|||||||||||
|
4. |
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
Электрондық (толық автоматтандырылған) |
|
|||||||||||
|
5. |
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою туралы хабарлама немесе қауіпті техникалық құрылғыны есептен шығару туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту |
|
|||||||||||
|
6. |
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Тегін |
|
|||||||||||
|
7. |
Жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті беруші–Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі–Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес дүйсенбіден бастап сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін тамақтанады. 2) порталда-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушының жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш қабылдауы және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: 1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсы; 2) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурсында орналастырылады; 3) порталда –www. egov. kz |
|
|||||||||||
|
8. |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою үшін: 1) қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою туралы өтініш; 2) қауіпті техникалық құрылғы паспортының электрондық көшірмесі. Қауіпті техникалық құрылғыларды есептен шығару үшін: 1) қауіпті техникалық құрылғыны есептен шығару туралы өтініш; 2) қауіпті техникалық құрылғы паспортының электрондық көшірмесі. |
|
|||||||||||
|
9. |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі бар, оның негізінде өтініш беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылған. |
|
|||||||||||
|
10. |
Өзге де талаптар мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген |
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. Бірыңғай байланыс орталығы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша: "1414", 8800 080 7777. |
|
|||||||||||
|
|
Қауіпті өндірістік объектілер |
|
||||||||||||
|
|
Нысан |
|
||||||||||||
[Жеке немесе заңды тұлғаның деректемелері (мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес сәйкестендіру нөмірі, телефоны)]
|
|
Басшыға |
|
|
[Мемлекеттік органның атауы] |
Өтініш нөмірі: [Нөмір]
Өтініш күні: [Күні]
Қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою туралы ӨТІНІШ
_____________________________________________________________
(жеке немесе заңды тұлғаның атауы)
"Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 77-бабын басшылыққа ала отырып, Сізден қоса берілген құжаттар тізбесін қарауды және есепке қоюды сұрайды:
_____________________________________________________________
(қауіпті техникалық құрылғының атауы, типі, түрі)
Зауыттық (сериялық) №_______________________________________
Дайындалған _______________________________________________
(дайындалған күні мен жылы, дайындаушы зауыттың атауы, елі)
Қосымша: [Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі]
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын.
|
|
____________________________ |
|
|
[Тегі, аты, әкесінің аты |
|
|
Қауіпті өндірістік объектілер |
|
|
Нысан |
[Жеке немесе заңды тұлғаның деректемелері (мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес сәйкестендіру нөмірі, телефоны)]
|
|
Басшыға |
Өтініш нөмірі: [Нөмір]
Өтініш күні: [Күні]
Қауіпті техникалық құрылғыны есептен шығару туралы ӨТІНІШ
_____________________________________________________________
(жеке немесе заңды тұлғаның атауы)
"Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 77-бабын басшылыққа ала отырып, Сізден қоса берілген құжаттар тізбесін қарауды және есептен шығаруды сұрайды:
_______________________________________________________________
(есептен шығару себебі, қауіпті техникалық құрылғының атауы, типі, түрі)
Зауыттық (сериялық) №_______________________________________
Дайындалған _______________________________________________
(дайындалған күні мен жылы, дайындаушы зауыттың атауы, елі)
Қосымша: [Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі]
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын.
|
|
____________________________ |
|
|
Қауіпті өндірістік объектілер |
|||
|
|
Нысан |
|||
|
[Мемлекеттік органның атауы] |
|
[Наименование государственного органа] |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
[Мемлекеттік органның деректемелері] |
|
[Реквизиты государственного органа] |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Күні: [Беру күні] |
|
[Жеке немесе заңды тұлғаның атауы] |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Нөмір: [Құжат нөмірі] |
|
[Жеке немесе заңды тұлғаның деректемелері (мекенжайы,жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес сәйкестендіру нөмірі, телефоны)] |
|
|
ДӘЛЕЛДІ БАС ТАРТУ
[Мемлекеттік органның атауы], Сіздің [өтініш күні] жылғы № [өтініш нөмірі] өтінішіңізді және қоса берілген құжаттар тізбесін қарап, мынадай хабарлайды.
[Бас тарту негізі]
|
[Қол қоюшының лауазымы] |
[Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), электрондық цифрлық қолтаңба] |
|
|
Қауіпті өндірістік объектілер |
|||
|
|
Нысан |
|||
|
[Мемлекеттік органның атауы] |
|
[Наименование государственного органа] |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
[Мемлекеттік органның деректемелері] |
|
[Реквизиты государственного органа] |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Нөмір: [Құжат нөмірі] |
|
[Жеке немесе заңды тұлғаның атауы] |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Өтініш нөмірі: [Нөмір] |
|
[Жеке немесе заңды тұлғаның деректемелері (мекенжайы,жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес сәйкестендіру нөмірі, телефоны)] |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Беру күні: [Күні] |
|
|
|
|
Қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою туралы ХАБАРЛАМА
[Мемлекеттік органның атауы], "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңның 16 және 77-баптарына және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамалық талаптарына сәйкес, қоса берілген құжаттар тізбесін ескере отырып, қауіпті техникалық құрылғы [Техникалық құрылғының атауы] [Зауыттық (сериялық) №] [Әзірлеу күні] [Зауыт-әзірлеушінің атауы] [Әзірлеуші ел] [Есепке қою күні] жылғы № [Нөмірінде] есепке қойылған.
Ескертпе: Қауіпті техникалық құрылғыны қосымшасымен бірге есепке қою туралы хабарламаны қауіпті техникалық құрылғыны есептен шығарғанға дейін пайдаланудың бүкіл кезеңі ішінде дайындаушы зауыттың паспортымен бірге иесі сақтайды.
|
[Қол қоюшының лауазымы] |
[Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), электрондық цифрлық қолтаңба] |
|
|
Қауіпті өндірістік объектілер |
|||
|
|
Нысан |
|||
|
[Мемлекеттік органның атауы] |
|
[Наименование государственного органа] |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
[Мемлекеттік органның деректемелері] |
|
[Реквизиты государственного органа] |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Нөмір: [Құжат нөмірі] |
|
[Наименование юридического лица] |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Өтініш нөмірі: [Нөмір] |
|
[Реквизиты физического или юридического лица (адрес, индивидуальный идентификационный номер/бизнес-идентификационный номер, телефон)] |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Беру күні: [Күні] |
|
|
|
|
Қауіпті техникалық құрылғыны есептен шығару туралы ХАБАРЛАМА
[Мемлекеттік органның атауы], "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңның 16 және 77-баптарына және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамалық талаптарына сәйкес, қоса берілген құжаттар тізбесін ескере отырып, қауіпті техникалық құрылғы [Техникалық құрылғының атауы] [Зауыттық (сериялық) №] [Әзірлеу күні] [Зауыт-әзірлеушінің атауы] [Әзірлеуші ел] [Есепке қою күні] жылғы № [Нөмірінде] есептен шығарылған.
Ескертпе: Қауіпті техникалық құрылғыны қосымшасымен бірге есепке қою туралы хабарламаны қауіпті техникалық құрылғыны есептен шығарғанға дейін пайдаланудың бүкіл кезеңі ішінде дайындаушы зауыттың паспортымен бірге иесі сақтайды.
|
[Қол қоюшының лауазымы] |
[Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), электрондық цифрлық қолтаңба] |
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК