ПРЕСС-РЕЛИЗ
Ерейментау ауданы әкімінің "Сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 1-тармағына сәйкес
1) Шәкей ауылының №401 сайлау учаскесін Күншалған ауылының №400 сайлау учаскесімен біріктіру арқылы Күншалған ауылдық округінің сайлау учаскесінің шекаралары өзгертілсін;
2) Еркіншілік ауылдық округінің сайлау учаскесінің шекаралары өзгертілсін, Жүніс Хамзеұлы көшесінің бір бөлігі №403 сайлау учаскесінен №404 сайлау учаскесіне көшірілсін;
3) Новомарковка ауылының атауын Майдан ауылына өзгерту;
4) Еркіншілік ауылы №404 сайлау учаскесінің орналасқан жері Сарыжайлау көшесі, 20, "Ерейментау ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы Еркіншілік мәдениет үйінің ғимаратынен, Құлыш Досмағамбетұлы көшесі, 5, Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы "Ерейментау аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны жанындағы дәрігерлік амбулаториясының ғимараты.