Ақпараттық хабарлама
2023 жылғы 22 тамызда Ерейментау сайлау комиссиясына 2023 жылғы 24 қыркүйекке тағайындалған Ерейментау ауданының Еркіншілік ауылдық округіне сайлауға 4 кандидат ұсыну туралы құжаттар ұсынылды. Оның ішінде 4 кандидат өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды.
Ерейментау аумақтық сайлау комиссиясы әкімдерге сайлауға кандидаттардың "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңында, мемлекеттік қызмет туралы заңда тиісті органдарға сұрау салу негізінде қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілейтін болады.
2023 жылғы 24 қыркүйекке тағайындалған Ерейментау ауданы Еркіншілік ауылдық округіне сайлау жөніндегі күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну ағымдағы жылғы 17 тамыз бен 29 тамыз аралығында (сағат 18.00-ге дейін) жүзеге асырылады.