Ақпараттық хабарлама

Ақпараттық хабарлама

 

2023 жылғы 11 қаңтарда Ерейментау сайлау комиссиясына 2023 жылғы 12 ақпанға тағайындалған Ерейментау ауданының Бозтал ауылы мен Торғай ауылдық округі әкімдерін сайлауға 6 кандидат ұсыну туралы құжаттар ұсынылды. Оның ішінде 1 кандидат «Amanat» партиясынан, 5 кандидат өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды.

Ерейментау аумақтық сайлау комиссиясы әкімдерге сайлауға кандидаттардың "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңында, мемлекеттік қызмет туралы заңда тиісті органдарға сұрау салу негізінде қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілейтін болады.

2023 жылғы 12 ақпанға тағайындалған Ерейментау ауданы Бозтал ауылы мен Торғай округіне сайлау жөніндегі күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну ағымдағы жылғы 5 қаңтар мен 17 қаңтар аралығында (сағат 18.00-ге дейін) жүзеге асырылады.

Дата публикации
05 сентября 2023