Ерейментау ауданы Еркіншілік ауылдық округі әкімдеріне кандидаттарды тіркеу туралы хабарлама

Ерейментау ауданы Еркіншілік ауылдық округі әкімдеріне кандидаттарды тіркеу туралы хабарлама

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап, Ерейментау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 1 қыркүйекте  Еркіншілік ауылдық округі әкіміне екі кандидатты тіркеді:

 - Жампеисов Марат Болатұлы -01.03.1984 жылы туған, «Еркіншілік ауылы әкімінің аппараты» ММ, әкім, Еркіншілік ауылы, Абай көшесі 25, Ерейментау ауданы, Ақмола облысы (Өзін-өзі ұсынған).

- Хабджәлел Мұрагер -19.08.1988 жылы туған, «Еркіншілік ауылы әкімінің аппараты» ММ, бас маман, Еркіншілік ауылы, Желтоқсан көшесі 18, Ерейментау ауданы, Ақмола облысы (Өзін-өзі ұсынған).

 

Отырыс барысында әкімдікке кандидаттарға куәліктер табыс етілді.

Ерейментау ауданы Еркіншілік ауылдық округі әкіміне тіркелген барлық кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт-насихатқа кірісуге құқығы бар, ол кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау күнінің алдындағы күннің жергілікті уақыты бойынша нөл сағатта аяқталады.

2023 жылдың 3 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2023 жылдың 23 қыркүйекте  жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылдың 25 тамызындағы "Кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы үшін қаражат бөлу қағидалары мен көлемдерін бекіту туралы" 12/202 қаулысына сәйкес барлық кандидаттарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін тең жағдайлар жасалатынына кепілдік беріледі

 

Ерейментау аудандық аумақтық

сайлау комиссиясы

 

 

 

 

Дата публикации
01 сентября 2023