Ерейментау ауданы Еркіншілік ауылдық округі әкімін кезекті сайлауын тағайындау туралы
Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабына және 113-1-бабына сәйкес Ерейментау аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ::
- Еркіншілік ауылдық округі әкімін кезекті сайлауы 2023 жылғы 24 қыркүйекте тағайындалсын.
- 2023 жылғы 24 қыркүйекте тағайындалған Еркіншілік ауылдық округі әкімінің кезекті сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы Ерейментау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Ерейментау ақпарат» газетінде жариялансын.
Комиссия төрайымы З.Б. Жүсіпова
Комиссия хатшысы Г.Б.Мамбеталина