Ерейментау ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшерін айқындау туралы

БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ ЖӘНЕ ШЕШІМ

 

 

Ерейментау ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшерін айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабының 2-1 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына және 31, 37-баптарына сәйкес, Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы бірлескен қаулының және шешімнің қосымшасына сәйкес Ерейментау ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшері айқындалсын.
  2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Лауазымы     

 

        Аты-жөні

 

 

 

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшерін бекіту туралы.
Дата публикации
07 августа 2023