Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 214 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 20 маусымда № 32850 болып тіркелді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.07.2023 қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 98-бабының 1-тармағына, 99-бабының 1-тармағына, 106-бабының 3-тармағына және "Мемлекеттік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру және ресми жарияланғаннан кейін өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті берушілерге, оның ішінде бірыңғай байланыс орталығына мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы хабардар ету;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
Т. Дуйсенова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
|
|
Қазақстан Республикасы |
Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидалары
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға", "Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган", "Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органның", "Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органмен", "Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда" деген сөздер тиісінше "Еңбек мобильділігі орталығына", "Еңбек мобильділігі орталығы", "Еңбек мобильділігі орталығының", "Еңбек мобильділігі орталығымен" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.10.2023 № 457 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Еңбек мобильділігі орталығында"
1-тарау. Жалпы ережелер
1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – электрондық ақпараттық ресурстармен жұмыс істеу әдістерінің және аппараттық-бағдарламалық кешен мен телекомуникациялар желілерін қолдана отырып жүзеге асырылатын ақпараттық өзара іс-қимыл әдістерінің жиынтығы;
2) ассистент – әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультантқа және кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне консультациялар, әңгімелесулер өткізуге, сондай-ақ әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалуына мониторинг жүргізуге жәрдем көрсету жөніндегі функцияларды орындайтын мансап орталығының қызметкері;
3) әлеуметтік қорғау саласындағы бірыңғай ақпараттық жүйе – уәкілетті мемлекеттік органның, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың, еңбек мобильділігі орталықтарының, мансап орталықтарының, Еңбек ресурстарын дамыту орталығының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған ақпараттандыру объектісі;
4) бос орын – жұмыс берушідегі бос жұмыс орны (лауазым);
5) Электрондық еңбек биржасы – Әлеуметтік кодекске сәйкес жұмыс іздеуді және персоналды іріктеуге, жұмыспен қамту саласында электрондық және проактивті форматта қызметтер көрсетуге жәрдемдесуді қамтамасыз ететін, ізденушілер мен жұмыс берушілер үшін жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық тұғырнамасын білдіретін ақпараттандыру объектісі;
6) жұмыспен қамтудың жеке картасы – жеке деректері, жұмыспен қамтылу тарихы, ұсынылатын және іске асырылатын іс-шаралар, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсаттары және олардың орындалуы көрсетілетін құжат;
7) жұмыс іздеп жүрген адам – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін мансап орталығына жүгінген жеке тұлға;
8) жұмыссыз адам – жұмыс іздеп жүрген және жұмысқа кірісуге дайын жеке тұлға;
9) әлеуметтік төлемдер – әлеуметтік төлемді алушының пайдасына Қор жүзеге асыратын төлемдер;
10) лайықты жұмыс - кәсіптік даярлығына, еңбек өтіліне және бұрынғы мамандығы бойынша еңбек тәжірибесіне, денсаулық жағдайына, жұмыс уақытының режиміне, жұмыс орнына көліктің қолайлығына сәйкес келетін, оның ішінде уақытша сипаттағы жұмыс;
11) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы;
12) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесі – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;
13) мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі – мемлекеттік қызметтер көрсету, оның ішінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсету процесін автоматтандыруға және мониторингтеуге арналған ақпараттық жүйе;
14) мансап орталығы – еңбек мобильділігі орталығының аудандарда, облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда, астанада оның функцияларын орындауды жүзеге асыратын филиалы;
15) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы – абонент берген ақпаратты беру немесе қабылдау үшін электр байланысы сигналдарын қалыптастыратын және ұялы байланыс операторының желісіне қосылатын, қызмет көрсетілетін аумақ шеңберінде географиялық жағынан айқындалатын тұрақты орналасқан жері жоқ, ұялы байланыс желілерінде жұмыс істейтін жеке пайдаланылатын байланыс құралы;
16) жұмысқа орналастыру – халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге арналған ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық іс-шаралар кешені;
17) жұмысқа орналастырудың жеке жоспары – жұмыссыздың жеке деректері, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөнінде жоспарланатын және іске асырылатын іс-шаралар көрсетілетін құжат;
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.06.2024 № 221 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2-тарау. Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу тәртібі
1) тұрғылықты жері бойынша мансап орталығы арқылы;
2) "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы;
3) "Электрондық еңбек биржасы" (бұдан әрі- enbek.kz порталы) арқылы жүзеге асырылады.
1-параграф. Жұмыспен қамту орталығына жүгінген кезде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу тәртібі
Жеке басын куәландырғаннан және "Еңбек биржасы" ААЖ-ға деректерді енгізгеннен кейін құжаттар ізденушіге қайтарылады.
Ізденушіге жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу туралы хабарламаны беруді халықты мансап орталығыжеке куәлігін, оның ішінде цифрлық құжаттар сервисінен ұсынған кезде қолхат негізінде жүзеге асырады.
Адам ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелгені туралы хабар алады.
Ассистент ізденуші ұсынған құжаттар мен дербес деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексереді.
2-параграф. Жұмыс іздеп жүрген адамдарды "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы тіркеу тәртібі
Мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы статус ізденушінің "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Мансап орталығының қызметкері жеке басты куәландыратын құжаттың мәліметтерін "электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен алады.
3-параграф. Жұмыс іздеп жүрген адамдарды enbek.kz порталы арқылы тіркеу тәртібі
Жұмыс іздеп жүрген адам мансап орталығын, ал ауылдық елді мекенде тұратындар кент, ауыл, ауылдық округ әкімін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы ұсынылған лайықты жұмысқа келісу немесе одан бас тарту туралы хабарлайды.
3-тарау. Жұмыссыз адамдарды тіркеу тәртібі
Еңбек мобильділігі орталығының бірінші басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам құжаттарды алған сәттен бастап осы Қағидалардың 38-тармағына сәйкес "Еңбек нарығы" ААЖ-да жұмыссызды тіркеу туралы шешімге электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы бір жұмыс күні ішінде қол қояды.
1) он алты жасқа толмаған;
2) жұмыспен қамтылған адамдар;
3) Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 207-бабының 1, 2 және 3-тармақтарында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған;
4) жұмысы мен жалақысының (кірісінің) болмауы туралы көрінеу жалған мәліметтерді қамтитын құжаттар, сондай-ақ басқа да дәйексіз мәліметтер ұсынған адамдар;
5) Әлеуметтік кодексе сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға үміткер студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары;
6) сот шешімі бойынша түзеу жұмыстарына не мәжбүрлеу жұмыстарына, сондай-ақ бас бостандығынан айыру түріндегі жаза шартты түрде тағайындалмаған жағдайда, осындай жазаға сотталған адамдар жұмыссыз ретінде тіркелмейді.
Жұмыссыз ретінде тіркеу туралы ақпараттың қолданылу мерзімі оны берген күннен бастап күнтізбелік отыз күнді құрайды.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салудың қабыданғаны туралы статус көрсетілетін қызметі алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
1) жұмыссыз үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдары, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар түскен кезде;
2) Мансап орталығыұсынған лайықты жұмыстың үш нұсқасынан бас тартқанда немесе мансап орталығын, ал ауылдық елді мекендерде тұратын адам кент, ауыл, ауылдық округ әкімін лайықты жұмыстың ұсынылған нұсқаларымен келісетіні немесе олардан бас тартатыны туралы уақтылы хабардар етпегенде;
3) жұмыссыздың дәлелсiз себептермен:
мансап орталығыхабардар еткен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде ұсынылған жұмысқа орналасу орнына немесе оқу орнына келмегенде;
шақыру бойынша халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу үшін үш жұмыс күнi ішінде халықты мансап орталығына келмегенде;
жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуды өз бетiнше тоқтатқанда;
4) жұмыссыз мансап орталығына барудың немесе оны хабардар етудің осы Қағидалардың 44-тармағында көзделген мерзiмдерiн дәлелсiз себептермен бұзғанда;
5) жұмыссыз бас бостандығынан айыру түрiндегi жазамен сотталғанда не заңды күшіне енген сот шешiмi бойынша мәжбүрлеп емдеуге жiберiлгенде;
6) мансап орталығына:
тұрғылықты жерiн ауыстыруды;
тұрақты, уақытша жұмысқа, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмысқа орналасуды;
кәсiпкерлiк қызметпен айналысуды;
ұйымдық-құқықтық нысаны мен меншiк нысанына қарамастан, ұйымға құрылтайшы (ортақ құрылтайшы) болуды;
мүгедектiк тобын белгiлеудi немесе оның өзгеруiн;
зейнетақы төлемдерін тағайындауды қоса алғанда, жұмыссызбен алдағы уақытта жұмыс iстеу тәртiбiне ықпал ететiн өзгерiстер туралы мәлiметтердi уақтылы, бес жұмыс күнi iшiнде ұсынбағанда;
7) көрінеу жалған немесе қолдан жасалған құжаттар бергенде есептен шығарады.
4-тарау. Халықты ұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган және (немесе) оның лауазымды адамдарының, мансап орталығының және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
5-тарау. Еңбек делдалдығын жүзеге асыру тәртібі
1-параграф. Жұмысқа орналастырудың жеке жоспарын әзірлеу
Еңбек делдалдығын жүзеге асыру мақсатында мансап орталығының қызметкері Еңбек мобильділігі орталығы жұмыс іздеп жүрген адамды жұмыссыз ретінде тіркеген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде "Еңбек нарығы" ААЖ-да осы Қағидаларға 10-қосымшаға сай нысан бойынша жұмысқа орналастырудың жеке жоспарын жасайды.
1) тұрғылықты жерін ауыстыруды;
2) тұрақты, уақытша жұмысқа, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмысқа орналасуды;
3) кәсіпкерлік қызметпен айналысуды;
4) ұйымдық-құқықтық нысаны мен меншік нысанына қарамастан, ұйымға құрылтайшы (ортақ құрылтайшы) болуды;
5) мүгедектік тобын белгілеуді немесе оның өзгеруін;
6) зейнетақы төлемдерін тағайындауды қоса алғанда, жұмыссызбен одан арғы жұмыс тәртібіне ықпал ететін өзгерістер туралы ақпаратты уақтылы, бес жұмыс күні ішінде мансап орталығына ұсынады.
Мансап орталығының қызметкері жұмыссыздың жұмысқа орналастырудың жеке жоспарының іс-шараларын орындауына мониторинг жүргізеді.
2-параграф. Жұмыс берушілер мансап орталығына ұсынған бос орындарды тіркеу тәртібі
Ескерту. 66-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.10.2023 № 457 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
67. Алып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.10.2023 № 457 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Жұмыс беруші enbek.kz порталында қалыптастырған бос орындар туралы мәліметтер автоматты түрде "Еңбек нарығы" ААЖ-да орналастырылады.
3-параграф. Бос орындарға кандидаттар таңдау және оларды жұмыс берушілерге жіберу
Мансап орталығы бос орындарға кандидаттарды "Еңбек нарығы" ААЖ-да мансап орталығы тіркеген жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыссыздар және enbek.kz порталында өз бетінше тіркелген адамдар арасынан таңдауды жүргізеді.
Мансап орталығы "Еңбек нарығы" ААЖ-да тіркелген, жұмыс іздеп жүрген адамдар, жұмыссыздар және басқа да жүгінген адамдар үшін бос орындарды таңдауды қамтамасыз етеді.
Ескерту. 69-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.06.2024 № 221 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) ол мансап орталығына өзі келген кезде;
2) enbek.kz порталы арқылы "жеке кабинет" -тен;
3) ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысы арқылы хабарлайды.
Егер жұмыс іздеп жүрген адам немесе жұмыссыз немесе өзге де жүгінген адам ауылдық жерде тұрса, мансап орталығының қызметкері лайықты жұмыстың бар екені туралы оларға АӘК бойынша ассистент арқылы хабарлайды.
Қажет болған жағдайда, мансап орталығының маманы жұмыс берушіге кандидаттардың деректерін (түйіндемесін) қарауды және өзінің шешімі туралы ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы хабарлауды ескертеді.
Мансап орталығының маманы жұмыс берушіні қызықтырған кандидаттармен әңгімелесу уақыты мен орнын жұмыс берушімен келіседі.
Мансап орталығының маманы ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысы арқылы кандидаттарды жұмыс берушімен әңгімелесу өткізу уақыты мен орны туралы хабардар етеді.
Егер жұмыс іздеп жүрген адам, жұмыссыз немесе өзге де өтініш білдірген адам ауылдық жерде тұрса, мансап орталығының маманы оларды жұмыс берушімен әңгімелесу өткізілетін уақыт пен орын туралы ассистент арқылы хабардар етеді.
Ескерту. 74-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.10.2023 № 457 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау туралы хабарландыруының бес жұмыс күні ішінде болмауы ұсынылған кандидатты жұмысқа орналастырудан бас тарту болып саналады.
4-параграф. Еnbek.kz порталы арқылы еңбек делдалдығын жүзеге асыру тәртібі
|
|
Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, |
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.06.2024 № 221 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
|
"Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі |
||||
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Мансап орталығы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
||
|
2 |
Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері |
1) көрсетілетін қызметті беруші; 2) "электрондық үкімет" веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – egov.kz порталы); 3) ақпараттандыру объектісі enbek.kz порталы (бұдан әрі - enbek.kz порталы). |
||
|
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
1 (бір) жұмыс күні |
||
|
4 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
Электрондық (ішінара автоматтандырылған) /қағаз түрінде |
||
|
5 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелгені туралы хабарлама не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап |
||
|
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі |
||
|
7 |
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; 2) egov.kz порталында – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); 3) enbek.kz порталында – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
||
|
8 |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1. Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге: 1) тізбеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін); 3) еңбек қызметін растайтын құжат (бар болса); 4) білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат (бар болса). Жеке басты куәландырғаннан және "Еңбек нарығы" ААЖ-ға деректерді енгізгеннен кейін құжаттар көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады. 2. Egov.kz порталы немесе "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу үшін көрсетілетін қызметті алушы "Жұмыспен қамтудың жеке картасын және оны толтыру нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 365 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33380 болып тіркелді) 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу үшін мәліметтер нысанын толтырады. Egov.kz порталында мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алған күнін көрсете отырып, өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі. |
||
|
9 |
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау; 2) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтердің осы Талаптар тізбесінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі. |
||
|
10 |
Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: 1) www.enbek.kz; 2) www.egov.kz; Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтерінің байланыс телефондары интернет-ресурста Көрсетілген www.enbek.kz. Бірыңғай байланыс орталығы: "1414" . "Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторизациядан өту, содан кейін "цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет. Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада уәкілетті пайдаланушылар үшін қолжетімді". |
||
|
|
"Жұмыс іздеп жүрген |
|
||
________ мансап орталығы
кімнен
Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) : ____________________;
Жеке сәйкестендіру нөмірі: ____________________;
Өтініш
Мені жұмыс іздеуші ретінде тіркеуді сұраймын, сонымен қатар:
|
"Электрондық еңбек биржасы" (www.enbek.kz) ақпараттық порталында түйіндеме орналастыру |
Ия □ Жоқ □ (белгі қою) |
|
Халықты жұмыспен қамту саласындағы көрсетілетін қызметтерді аутсорсинг арқылы жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, сондай-ақ көрсетілетін қызметтерді аутсорсинг шеңберінде жеке жұмыспен қамту агенттіктеріне дербес деректерді беру |
Ия □ Жоқ □ (белгі қою) |
"Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Жалған мәліметтер мен жалған құжаттарды ұсынғаны үшін жауапкершілік туралы ескертілді.
Өтініш берушінің байланыс деректері:
Телефон: ___________Ұялы телефон: __________E-mail: _________________;
"___" ___________ 20____ жыл.
(күні)
Өтініш берушінің қолы: __________
__________________________________________________________________
(кесу сызығы)
Азаматтың(шаның) өтініші ________________________________ қабылданды
"___" _________ 20___ жылы № _____тіркелді, құжаттарды қабылдаған адамның тегі,
аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________.
__________________ _______________ Күні қолы
|
|
Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, |
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.06.2024 № 221 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
|
"Жұмыссыздарды тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – тізбе) |
||||
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Еңбек мобильділігі орталығы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
||
|
2 |
Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері |
Нәтиже: 1) мансап орталығы; 2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – egov.kz портал); 3) ақпараттандыру объектісі enbek.kz порталы (бұдан әрі – enbek.kz порталы); 4) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы (көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының телефон нөмірін электрондық үкіметтің веб-порталында немесе enbek.kz тіркеу кезінде) арқылы беріледі. |
||
|
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
2 (екі) жұмыс күні |
||
|
4 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/проактивті |
||
|
5 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы хабарлама не осы талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап |
||
|
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі |
||
|
7 |
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті берушіде - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; 2) мансап орталығында – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; 3) egov.kz порталында – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); 4) enbek.kz порталында – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
||
|
8 |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Құжаттарды ұсыну талап етілмейді |
||
|
9 |
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
Мыналар: 1) он алты жасқа толмаған адамдар; 2) жұмыспен қамтылған адамдар; 3) Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 1-3-тармақтарында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған адамдар; 4) жұмысы мен табысының (кірісінің) жоқ екендігі туралы көрінеу жалған мәліметтерді қамтитын құжаттарды, сондай-ақ басқа да анық емес мәліметтерді ұсынған адамдар; 5) Әлеуметтік кодекске сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға үміткер студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары; 6) сот шешімі бойынша түзеу жұмыстарына не мәжбүрлеу жұмыстарына, сондай-ақ бас бостандығынан айыру түріндегі жаза шартты түрде тағайындалмаған жағдайда, осындай жазаға сотталған адамдар жұмыссыз адам ретінде тіркелмейді. |
||
|
10 |
Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: 1) www.enbek.kz порталы; 2) www.egov.kz порталы; Бірыңғай байланыс орталығы: "1414". "Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторизациядан өту, содан кейін "цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет. Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада уәкілетті пайдаланушылар үшін қолжетімді". |
||
|
|
Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, |
|
||
Нысан
Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеуден бас тарту туралы хабарлама
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
5-бабы 2-тармағының 14) тармақшасына
сәйкес _______________________________________________________________
көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы
Сізге __________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
себебі бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________.
себебін көрсету
Берілген күні: 20___ жылғы "___"___________.
Мансап орталығының маманы _____________________
_______________________________________________________________.
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
|
|
Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, |
Нысан
Жұмыс іздеуші ретінде тіркелгені туралы хабарлама
Сіз ____________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 98-бабына сәйкес
20___ жылғы "___" ____________ бастап_________________________________
Мансап орталығының атауы
жұмыс іздеуші ретінде тіркелдіңіз.
Берілген күні: 20___ жылғы "___" __________.
Мансап орталығының маманы ____________________________________.
_______________________________________________________________.
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
|
|
Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, |
Нысан
Жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы хабарлама
Ескерту. 5-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.10.2023 № 457 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Сіз ______________________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 99-бабына сәйкес 20___ жылғы
"___" ____________ бастап _________________________________________________
_________________________________________________________________________
Еңбек мобильділігі орталығының атауы
жұмыссыз ретінде тіркелдіңіз.
Берілген күні: 20___ жылғы "___" __________.
Мансап орталығының маманы____________________________________.
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
|
|
Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, |
Нысан
Жұмыссыз ретінде тіркеуден бас тарту туралы хабарлама
Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.10.2023 № 457 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының 5-бабы 2-тармағының 14) тармақшасына
сәйкес _______________________________________________________________
көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы
Сізге __________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
____________________________________________________________________
себебін көрсету
себебі бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.
Берілген күні: 20___ жылғы "___" __________.
Мансап орталығының маманы _____________________________________
_______________________________________________________________.
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
|
|
Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, |
Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.06.2024 № 221 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
|
"Жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы ақпарат беру" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі |
||||
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Мансап орталығы. |
||
|
2 |
Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері |
1) "Электрондық үкіметтің" веб-порталы: www. egov. kz (бұдан әрі – egov.kz портал). |
||
|
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
1 (бір) күн. |
||
|
4 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
Электрондық (ішінара автоматтандырылған) /қағаз түрінде. |
||
|
5 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы ақпарат. |
||
|
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. |
||
|
7 |
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; 2) egov.kz порталында - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); |
||
|
8 |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында мансап орталықтары көрсететін жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларына 8-қосымшаға сәйкес өтініш; Egov.kz порталында мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алған күнін көрсете отырып, өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі |
||
|
9 |
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
Жұмыссыз ретінде тіркелмеген жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы ақпарат беруден бас тартады. |
||
|
10 |
Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ "1414" Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар. |
||
|
|
Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, |
|
||
Нысан
Мансап орталығы ________________________________________________
Өтініш
Жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы ақпарат беруді сұраймын.
Өтініш беруші туралы ақпарат:_____________________________________
Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса): __________________
____________________________________________________________________;
Жеке сәйкестендіру нөмірі: _______________________________________;
____ жылғы "___" ______________ ________ (қолы).
"Жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама беру" мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Дәйексіз мәліметтер мен жалған құжаттарды ұсыну үшін жауапкершілік туралы ескертілді.
|
|
Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, |
Нысан
Жұмыссыз ретінде тіркеу/не тіркелмегені туралы ақпарат
Ескерту. 9-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.10.2023 № 457 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 98-бабына сәйкес
жұмыссыз ретінде тіркелгені/тіркелмегені туралы осы анықтама
___________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
20___ жылғы "___" ____________ бастап __________________________________
_____________________________________________________________________
Еңбек мобильділігі орталығының атауы берілді.
Берілген күні: 20___ жылғы "___" __________.
Анықтаманың қолданылу мерзімі: 20__ жылғы "__" _____ қоса алғанға дейін жарамды.
Мансап орталығының маманы ____________________________
_____________________________________________________________________.
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
|
|
Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, |
Нысан
____________________________________________________________________
қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның
мансап орталығының атауы
ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУДЫҢ ЖЕКЕ ЖОСПАРЫ
Жұмыссыз___________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) толық
Жұмыссыз ретінде тіркеу күні__________________________________________
Мақсаты ____________________________________________________________
Білімі _______________________________________________________________
Мамандығы (кәсібі)___________________________________________________
|
Іс-шара |
Аяқталу күні |
|
Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу 1) кәсіп таңдау және жұмыс орны бойынша консультация беру, кәсіптік бағдарлау тестісінен өту; 2) еңбек нарығының ахуалы, мамандығы бойынша жұмысқа орналасу немесе оқудан өту мүмкіндігі туралы хабардар ету. Еңбек делдалдығы жөніндегі іс-шаралар 1) мансап орталығының дерекқорда бос жұмыс орындарының (бос орындардың) болуы туралы хабардар етуі; 2) ізденушінің enbek.kz порталы арқылы жұмыс іздестіруі; 3) ізденушінің жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері және жұмысқа орналастыру бойынша интернет-алаңдар арқылы жұмыс іздестіруі; 4) жұмыс берушілермен әңгімелесуге бару. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары 1) кәсіптік оқытуға қатысу (даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру); 2) әлеуметтік жұмыс орындарындағы жұмыс; 3) жастар практикасынан өту; 4) кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу; 5) қоғамдық жұмыстарға қатысу. Жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету 1) жұмыссыздарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылу жағдайына берілетін әлеуметтік төлемдер; 2) атаулы әлеуметтік көмек көрсету. Жұмыс іздестіру дағдыларын жақсарту жөніндегі іс-шаралар 1) белсенді жұмыс іздестіру, жұмыс берушімен әңгімелесуден өту және т.б. негіздеріне оқыту курстарына бару |
|
|
1. |
[Күні] |
[Іс-әрекет] |
|
2. |
[Күні] |
[Іс-әрекет] |
|
… |
[Күні] |
[Іс-әрекет] |
Жұмысқа орналастырудың жеке жоспары 20___жылғы "__"________ дейін қолданылады.
Мансап орталығының маманы
|
_______________________________________________ (жұмыссыз адамның тегі, аты, әкесінің аты, (бар болса) ______________________________________ (қолы) Мобильді телефон: Электрондық пошта (бар болса): 20..… жылғы "…."…………… |
_____________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты, (бар болса) ___________________________________________ (қолы) Байланыс телефоны: Электрондық пошта: 2 0..… жылғы "…."…………… |
|
|
|
|
Қазақстан Республикасы |
||
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының және кейбір бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің тізбесі
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК