Ерейментау аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан халқының назарына
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағына сәйкес 2023 жылғы 30 наурызда сағат 09.30-да Ерейментау қаласында жаңадан сайланған сегізінші шақырылымның Ерейментау аудандық мәслихатының бірінші сессиясы шақырылатынын хабарлаймын.
Сессияның қарауына «Аудандық мәслихатқа депутаттарды сайлау қорытындылары туралы аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы» және басқа да мәселелер енгізіледі.
Сессияның өтетін орны: аудан әкімдігінің ғимараты, акт залы.
Аудандық
сайлау комиссиясының төрайымы
З. Б. Жүсіпова