Ерейментау аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттарды тіркеуден шығару туралы хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 105-бабының 1-тармағына сәйкес округтік сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
№1 бір мандатты сайлау округі бойынша:
Өтініш негізінде Ерейментау аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Жанат Жақсылықұлы Рахымбеков – 1978 жылы туған, Охотзоопром бойынша РМҚК басшысының орынбасары, Ерейментау қаласының тұрғыны тіркеуден шығарылсын (2023 жылғы 20 ақпандағы ОСК №12 хаттамасы).
№6 бір мандатты сайлау округі бойынша
Өтініш негізінде Ерейментау аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Асқар Ерғали – 1987 жылы туған, "Олжабай батыр ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ-сі, информатика пәнінің мұғалімі, Ерейментау ауданы Олжабай батыр ауылының тұрғыны тіркеуден шығарылсын (2023 жылғы 28 ақпандағы ОСК №13 хаттамасы).