Бозтал ауылы мен Торғай ауылдық округінің сайланған әкімдері туралы хабарлама

Хабар

2023 жылғы 12 ақпанда Ерейментау ауданы Бозтал ауылы мен Торғай ауылдық округі әкімдерінің сайлауы өтті.

Ерейментау аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Ерейментау ауданы Бозтал ауылы мен Торғай ауылдық округі әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Бозтал сайлау округі

Бозтал ауылы әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 386 азамат енгізілді, олардың 290-ы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 49, «барлығына қарсы» жолында белгісі бар - 0.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Әлімжанова Г.Т. – 127; Сәулебаев М. К. – 5; Сұлтанова С. У. – 109.

1969 жылы туған, Ерейментау ауданы «Бозтал ауылы әкімінің аппараты»  ММ бас маманы Бозтал ауылының әкімі болып сайланды, Бозтал ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.

Торғай сайлау округі

Торғай ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1020 азамат енгізілді, олардың 865-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 27, "барлығына қарсы" жолында белгісі бар - 20.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Аубакиров М.К.– 736; Ершова М.Л. – 62; Канафин Н. М. – 20.

Торғай ауылдық округінің әкімі болып Марат Қанатұлы Әубәкіров сайланды, 1984 жылы туған, Ерейментау ауданының "Торғай ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ әкімі, Торғай ауылында тұрады, «AMANAT» партиясынан ұсынылған.

Ерейментау аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2023 жылғы 13 ақпандағы шешімімен 2023 жылғы 12 ақпанда сайланған Ерейментау ауданы Бозтал ауылы мен Торғай ауылдық округінің әкімдерін тіркеді.

Ерейментау аудандық сайлау комиссиясы

 

Бозтал ауылы мен Торғай ауылдық округінің сайланған әкімдері туралы хабарлама
Дата публикации
13 февраля 2023