Ерейментау ауданы Бозтал ауылы және Торғай ауылдық округі әкімдеріне кандидаттарды тіркеу туралы хабарлама

Ерейментау ауданы Бозтал ауылы және Торғай ауылдық округі әкімдеріне кандидаттарды тіркеу туралы хабарлама

2023 жылдың 22 қаңтарда  Ерейментау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті.Әкімдік лауазымға кандидаттарды тіркеудің қорытындысы жайлы сайлау комиссиясының төрайымы З.Б.Жусупова баяндама жасады.

Ол 2023 жылдың 22 қаңтардың сағат 18.00-ге дейін Ерейментау аудандық сайлау комиссиясына Ерейментау ауданы Бозтал аулы мен Торғай ауылдық округі әкімдігіне ұсынылған 8 кандидаттың 6 тіркелгенін айтты.

Ерейментау ауданы Бозтал ауылы:

- Әлімжанова Гүлнара Төлегенқызы -13.01.1969 жылы туған, «Бозтал ауылы әкімінің аппараты» ММ, бас маман, Бозтал ауылы, Б.Момышұлы көшесі 2а, Ерейментау ауданы, Ақмола облысы (Өзін-өзі ұсынған).

- Сәулебаев Мейрам Қаеркенұлы-01.01.1987 жылы туған, «Ерейментау ауданы әкімінің аппараты» ММ, АҚ, ЖД және ТЖ бас инспекторы, Ерейментау қ., а. Құнанбаев к-сі, 63, Ерейментау ауданы, Ақмола облысы (Өзін-өзі ұсынған).

- Сұлтанова Сәуле Уалиханқызы -17.05.1971 жылы туған, уақытша жұмыс істемейді, Сілеті ауылы, Қабанбай батыр көшесі 7, Ерейментау ауданы, Ақмола облысы (Өзін-өзі ұсынған).

Ерейментау ауданы Торғай ауылдық округі:

- Әубәкіров Марат Қанатұлы -30.09.1984 жылы туған, «Торғай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, әкім, Торғай ауылы , Ақбұлақ көшесі, 10/1, Ақмола облысы Ерейментау ауданы («АМАNAT»партиясы» қоғамдық бірлестігінен);.

- Ершова Мария Леонидовна-01.09. 1987 жылы туған, «Торғай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, бас маман, Торғай ауылы, Бейбітшілік көшесі, 3, Ақмола облысы Ерейментау ауданы (өзін-өзі ұсынған).

- Қанафин Нариман Мағымұлы-15.08.1984 жылы туған, «Ерейментау ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ, бас маман, Ерейментау қаласы, М.Әуезов көшесі, 14, 9 пәтер, Ерейментау ауданы, Ақмола облысы (Өзін-өзі ұсынған).

Тіркелген кандидаттардың 50 пайызы ер адамдар, 50 пайызы әйелдер.

Ерейментау ауданы Бозтал ауылы мен Торғай ауылдық округі әкіміне тіркелген барлық кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт-насихатқа кірісуге құқығы бар, ол кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау күнінің алдындағы күннің жергілікті уақыты бойынша нөл сағатта аяқталады.

2023 жылдың 22 қаңтарында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2023 жылдың 10 ақпанында жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылдың 25 тамызындағы "Кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы үшін қаражат бөлу қағидалары мен көлемдерін бекіту туралы" 12/202 қаулысына сәйкес барлық кандидаттарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін тең жағдайлар жасалатынына кепілдік беріледі.

Ерейментау аудандық аумақтық

сайлау комиссиясы

 

 

Ерейментау ауданы Бозтал ауылы және Торғай ауылдық округі әкімдеріне кандидаттарды тіркеу туралы хабарлама
Дата публикации
07 февраля 2023