Ерейментау аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттың № 9 бір мандаттық сайлау округі бойынша тіркелгені туралы хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 104-бабына сәйкес және мәслихат депутаттығына кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясымен және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен қойылатын сәйкестігін белгілеу негізінде келіп түскен құжаттарды қарап, Ерейментау аудандық маслихатқа депутаттарды сайлау жөніндегі № 9 округтік сайлау комиссиясы шешті:
Ерейментау аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат болып № 9 бір мандаттық сайлау округі бойынша, 12.07.1992 жылы туған, «ШпекбаевА» ЖК басшысы, Ерейментау қаласында тұратын, Шпекбаев Азат Қоңысбайұлы тіркелсін.
Ерейментау аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі № 9 округтік сайлау комиссиясы
2023 жылғы 2 ақпан