2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Ерейментау аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

Ерейментау аудандық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 20 қаңтардағы №6/138 Қаулысы

 

2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Ерейментау аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

 

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 2) және 8) тармақшаларына сәйкес Ерейментау аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Ерейментау аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  2. Осы қаулы сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету үшін округтік, учаскелік сайлау комиссияларына жіберілсін.
  3. Осы қаулы Ерейментау аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

Сайлау комиссиясының

төрағасы                                                                                          З. Жүсіпова

 

Сайлау комиссиясының

 хатшысы                                                                                            З.Ербатырова

2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Ерейментау аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы
Дата публикации
21 января 2023