Ерейментау ауданы Бозтал ауылы әкіміне кандидатты тіркеу туралы хабарлама

Ерейментау ауданы Бозтал ауылы әкіміне кандидатты тіркеу туралы хабарлама

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап, Ерейментау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 21 қаңтарда Бозтал ауылының әкіміне  кандидатты тіркеді:

- Сұлтанова Сәуле Уалиханқызы -17.05.1971 жылы туған, уақытша жұмыс істемейді, Сілеті ауылы, Қабанбай батыр көшесі 7, Ерейментау ауданы, Ақмола облысы (Өзін-өзі ұсынған).

Отырыс барысында әкімдікке кандидатқа куәлік табыс етілді.

Ерейментау ауданы Бозтал ауылы әкіміне тіркелген барлық кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт-насихатқа кірісуге құқығы бар, ол кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау күнінің алдындағы күннің жергілікті уақыты бойынша нөл сағатта аяқталады.

2023 жылдың 22 қаңтарында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2023 жылдың 10 ақпанында жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылдың 25 тамызындағы «Кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы үшін қаражат бөлу қағидалары мен көлемдерін бекіту туралы» 12/202 қаулысына сәйкес барлық кандидаттарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін тең жағдайлар жасалатынына кепілдік беріледі

 

Ерейментау аудандық аумақтық

сайлау комиссиясы

 

 

 

 

Ерейментау ауданы Бозтал ауылы әкіміне кандидатты тіркеу туралы хабарлама
Дата публикации
21 января 2023