Ерейментау аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы

Ерейментау аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес, және  Ерейментау аудандық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 36/113 «Ерейментау аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» қаулысына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

 

  1. Ерейментау аудандық мәслихаттың депутаттарды сайлау бойынша тиісті бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінде 9 округтік сайлау комиссиялары құрылсын.
  2. № 8, №9, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының өкілеттіктерін аумақтық сайлау комиссиясы жүзеге асырады деп айқындалсын.
  3. Ерейментау аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру үшін қаулы Ерейментау аудандық мәслихатына жіберілсін.
  4. Осы қаулы Ерейментау аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және «Ерейментау ақпарат» газеттерінде орналастырылсын.
  5. Осы қаулы 2023жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Комиссия төрағасы                                                    З.Жүсіпова

 

Комиссия хатшысы                                                   З.Ербатырова

Ерейментау аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы
Дата публикации
30 декабря 2022