НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР КОНКУРС!

«Үмбетей жырау атындағы Ерейментау аудандық Мәдениет үйі» МКҚК-ны

азаматтық қызметердің бос орнына конкурс жариялайды:

 

  1. Ерейментау аудандық Мәдениет үйінің хореограф. В2 топ, 4 саты; Ерейментау қаласы, Уәлиханов көшесі, 43Г. Лауазымдық жалақысы: 72 558  теңгеден бастап еңбек стажына байланысты.

Функционалдық қызметтері: сабақтар жүргізеді; хореография негіздерін оқытады; би бағдарламаларын дайындайды, репертуарлар таңдайды; топтық және жеке дайындықтар өткізеді; мүлтіксіз орындауды, орындаушылық шеберліктің артуын қамтамасыз етеді; ұйымның әдістемелік кабинеттері жұмыстарына, тақырыптық кештерді, сахналандырылған мерекелерді, карнавалдарды, жаппай серуендерді дайындауға қатысады, өз ерекшелігі бойынша үйірме жетекшісіне, көркемөнерпаздар үйірмелерінің жетекшілеріне көмек көрсетеді; ұжымның жұмыс жоспарына және сценарийіне сәйкес би ұжымына арналған би қойылымымен айналысады.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, өнер және гуманитарлық ғылымдар (өнер) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;

 

  1. Ерейментау аудандық Мәдениет үйінің жарық жабдық – құралдарды пайдалану жұмыстың технигі. С3 буыны, Уәлиханов көшесі, 43Г лауазымдық жалақысы: жұмыс өтіліне байланысты 58 577 теңгеден бастап.

Функционалдық міндеттері: Жарық партитурасына, концерт бағдарламасына сәйкес концерт және дайындық кезінде сахнаны электрмен жарықтандыру аппаратурасын орнатуды және жабдықтауды жүзеге асырады. Концерттерге арналған жарық эффектілерін жасауға аппараттарды дайындауды, Жарық аппаратуралары мен аспаптарды монтаждауды, көшпелі концерттер мен гастрольдер кезінде сахналық жарық аппаратураларын буып-түю мен тасымалдауды қамтамасыз етеді. Жарықтандыру жабдығы мен аппаратураның жарамдылығын қамтамасыз ету және пайдалану ережелерін сақтау.Сандық бағдарламамен басқарылатын аспаптар мен сканерлік құрылғыларды қоса алғанда, жарықтандыру техникасының барлық түрлерін кешенді қолданумен күрделі жарық әсерлерін жасайды.Режиссердің басшылығымен компьютерлік пульттерде немесе дербес компьютерде Жарық партитураларын жасайды және жазады.Жарық конструкцияларының модульдерін, жарықтандыру аспаптарын, цифрлық немесе ұқсас басқарылатын қондырғыларды құрастыру, монтаждау, ілу, коммутациялау және көтеру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады және басқарады. Бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен жарықтандыру аппаратурасы жұмысының талап етілетін параметрлерін қолдайды.Жарық партитурасына сәйкес іс-шаралар мен дайындық кезінде сахнаны жарықтандырады.Жарықтандыру жабдықтарын қуат кабельдерінің фазалары бойынша таратады.Жарықтандыру аппаратурасын профилактикалық тексеруді орындайды және профилактикалық жөндеуді жүзеге асырады.Аспаптардың жұмысындағы ақауларды анықтайды және жояды.Жарықтандыру аппаратурасына қызмет көрсету бойынша дайындық жұмыстарын орындайды, оның ішінде линзаларды жуу, аспаптарды, перделерді, тубустарды сүрту, аспаптарды штативтерге орнату.

 Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: "өнер және мәдениет" мамандықтарының топтары бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім, жұмыс стажына талап қойылмайды немесе жалпы орта білім және мамандығы бойынша кемінде 1 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.

 

  1. Ажы ауылдық клубының клуб меңгерушісі. А3 топ 4 саты, Ажы ауылы, Лауазымдық жалақысы: 38403  бастап еңбек стажына байланысты.

Функционалдық қызметтері: шығармашылық, шаруашылық қызметті жүзеге асырады және клуб мүлкінің сақталуын қамтамасыз етеді; елді мекеннің, сондай-ақ жақын орналасқан елді мекендердің (селолардың, кенттердің) тұрғындары арасында мәдени-ағарту жұмыстарын ұйымдастырады; үйірменің жұмыс жоспарын жасайды және оның орындалуын қамтамасыз етеді; көркемөнерпаздар үйірмелері мен бірлестіктерінің жұмысын ұйымдастырады; демалыс кештерін, тақырыптық концерттерді, кездесулер мен бұқаралық іс-шараларды өткізеді; мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізуде қоғамдық клубтардың белсенділеріне әдістемелік көмек көрсетеді.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: педагогикалық ғылымдар (музыкалық білім) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмыстары) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі..

 

  1. Байсары ауылдық клубының мәдени ұйымдастырушысы. (жүктілігі және босануы бойынша демалыс уақытына) В3 топ, 4 саты, Байсары ауылы, Женис көшесі, 21. Лауазымдық жалақысы: 29377 теңгеден бастап еңбек стажына байланысты.

 Функционалдық қызметтері: ойын-сауықты, ойын қарым-қатынасының ұжымдық түрлерін және халықтың бос уақытын ұйымдастыруды жүзеге асырады; сценарийлерді, тақырыптық бағдарламаларды, ұжымдық демалыстың ойын формаларын, безендіру, музыкалық сүйемелдеу және техникалық құрал-жабдықтарды әзірлеуге қатысады; концерттерді дайындау үшін ол сценарий жоспарын жасайды, көркемдік және музыкалық жетекшілерді, хореографтарды, концертмейстерлерді, шығармашылық топтарды, жеке солисттерді тартады; эскиздер мен реквизиттер әзірлейді; концерттік бағдарламаның фонограммасын дайындайды; шығындар сметасын жасайды және ұйым басшылығына бекітуге ұсынады.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды "өнер және мәдениет" немесе "білім беру" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі (орта арнаулы, орта кәсіби) білім.

 

  1. Еркіншілік ауылдық Мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы. В3 топ, 4 саты, Еркіншілік ауылы, Сарыжайлау көшесі, 20ғ. Лауазымдық жалақысы: 58 754 теңгеден бастап еңбек стажына байланысты.

 Функционалдық қызметтері: ойын-сауықты, ойын қарым-қатынасының ұжымдық түрлерін және халықтың бос уақытын ұйымдастыруды жүзеге асырады; сценарийлерді, тақырыптық бағдарламаларды, ұжымдық демалыстың ойын формаларын, безендіру, музыкалық сүйемелдеу және техникалық құрал-жабдықтарды әзірлеуге қатысады; концерттерді дайындау үшін ол сценарий жоспарын жасайды, көркемдік және музыкалық жетекшілерді, хореографтарды, концертмейстерлерді, шығармашылық топтарды, жеке солисттерді тартады; эскиздер мен реквизиттер әзірлейді; концерттік бағдарламаның фонограммасын дайындайды; шығындар сметасын жасайды және ұйым басшылығына бекітуге ұсынады.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды "өнер және мәдениет" немесе "білім беру" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі (орта арнаулы, орта кәсіби) білім.

 

  1. Новомарковка ауылдық клубының клуб меңгерушісі. А3 топ 4 саты, Новомарковка ауылы, Лауазымдық жалақысы: 76806  бастап еңбек стажына байланысты.

Функционалдық қызметтері: шығармашылық, шаруашылық қызметті жүзеге асырады және клуб мүлкінің сақталуын қамтамасыз етеді; елді мекеннің, сондай-ақ жақын орналасқан елді мекендердің (селолардың, кенттердің) тұрғындары арасында мәдени-ағарту жұмыстарын ұйымдастырады; үйірменің жұмыс жоспарын жасайды және оның орындалуын қамтамасыз етеді; көркемөнерпаздар үйірмелері мен бірлестіктерінің жұмысын ұйымдастырады; демалыс кештерін, тақырыптық концерттерді, кездесулер мен бұқаралық іс-шараларды өткізеді; мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізуде қоғамдық клубтардың белсенділеріне әдістемелік көмек көрсетеді.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: педагогикалық ғылымдар (музыкалық білім) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмыстары) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі..

 

  1. Новомарковка ауылдық клубының шаруашылық меңгерушісі, буын С3, Новомарковка ауылы, Лауазымдық жалақысы: жұмыс өтіліне байланысты 58 557 теңгеден бастап.

Функционалдық міндеттері: ұйымды немесе оның бөлімшелерін жабдықтау және шаруашылық қызмет көрсету жөніндегі жұмысқа басшылықты жүзеге асырады; шаруашылық Мүкәммалдың сақталуын, оны қалпына келтіруді және толықтыруды, сондай-ақ үй-жайларда және іргелес аумақта тазалықтың сақталуын қамтамасыз етеді; үй-жайлардың жай-күйін қадағалайды және оларды уақтылы жөндеу жөнінде шаралар қабылдайды; қызметкерлерді кеңсе керек-жарақтарымен және шаруашылық тұрмыстық заттармен қамтамасыз етеді; Қызмет көрсетуші персоналдың жұмысына басшылық жасайды; қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауын қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім және шаруашылық қызмет көрсету бойынша жұмыс өтілі кемінде 1 жыл немесе жалпы орта білім және шаруашылық қызмет көрсету бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

 

  1. Конкурсқа қатысу туралы өтініші (қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген);
  2. Жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. Кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұрғылықты жерін және байланыс телефондарын көрсете отырып);
  4. Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;
  5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі.
  6. Сотталмағандығы туралы анықтама.
  7. "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
  8. Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама.

 

Конкурс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы мен педагогін қоспағанда, азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы»  ереже негізінде өткізіледі.

 

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер, құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін 15 күн ішінде,  «Үмбетей жырау атындағы Ерейментау аудандық Мәдениет үйі» МКҚК-де әңгімелесуден өтеді. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар  жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде конкурстық комиссияға "Ерейментау аудандық Үмбетей жырау атындағы Мәдениет үйі" МКҚК 0208000, Ерейментау қ., Уәлиханов көшесі, 43 "г".  мекен-жайы бойынша берілуі тиіс, Тел 50414,87027238262

Дата публикации
21 декабря 2022