НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР КОНКУРС!

«Үмбетей жырау атындағы Ерейментау аудандық Мәдениет үйі» МКҚК-ны азаматтық қызметердің бос орнына конкурс жариялайды:

  1. Еркіншілік ауылдық Мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы. В3 топ, 4 саты, Еркіншілік ауылы, Сарыжайлау көшесі, 20ғ. Лауазымдық жалақысы: 58 754 теңгеден бастап еңбек стажына байланысты.

 Функционалдық қызметтері: ойын-сауықты, ойын қарым-қатынасының ұжымдық түрлерін және халықтың бос уақытын ұйымдастыруды жүзеге асырады; сценарийлерді, тақырыптық бағдарламаларды, ұжымдық демалыстың ойын формаларын, безендіру, музыкалық сүйемелдеу және техникалық құрал-жабдықтарды әзірлеуге қатысады; концерттерді дайындау үшін ол сценарий жоспарын жасайды, көркемдік және музыкалық жетекшілерді, хореографтарды, концертмейстерлерді, шығармашылық топтарды, жеке солисттерді тартады; эскиздер мен реквизиттер әзірлейді; концерттік бағдарламаның фонограммасын дайындайды; шығындар сметасын жасайды және ұйым басшылығына бекітуге ұсынады.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды "өнер және мәдениет" немесе "білім беру" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі (орта арнаулы, орта кәсіби) білім.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: "өнер және мәдениет" мамандықтарының топтары бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім, жұмыс стажына талап қойылмайды немесе жалпы орта білім және мамандығы бойынша кемінде 1 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

  1. Конкурсқа қатысу туралы өтініші (қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген);
  2. Жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. Кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұрғылықты жерін және байланыс телефондарын көрсете отырып);
  4. Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;
  5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі.
  6. Сотталмағандығы туралы анықтама.
  7. "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
  8. Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама.

 

Конкурс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығымен бекітілген «Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы»  ереже негізінде өткізіледі.

 

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер, құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін 15 күн ішінде,  «Үмбетей жырау атындағы Ерейментау аудандық Мәдениет үйі» МКҚК-де әңгімелесуден өтеді. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар  жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде конкурстық комиссияға "Ерейментау аудандық Үмбетей жырау атындағы Мәдениет үйі" МКҚК 0208000, Ерейментау қ., Уәлиханов көшесі, 43 "г".  мекен-жайы бойынша берілуі тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Үмбетей жырау атындағы Ерейментау аудандық Мәдениет үйі» МКҚК-ны азаматтық қызметердің бос орнына конкурс жариялайды
Дата публикации
24 августа 2022