2022 жылғы 31 шілдеде Ерейментау ауданы Олжабай батыр атындағы оуылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Ерейментау аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Ерейментау ауданының Олжабай батыр атындағы ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Олжабай батыр атындағы ауылдық округі әкімін сайлау бойынша Олжабай сайлау округі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 846 азамат енгізілді, олардың 626-сы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 25, "барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған-4.
Әр үміткерге берілген дауыстар саны: Н.М.Канафин – 2;.Р.Ж.Қоқымбаев – 7, А.Қ.Оразов – 358, Х.Хавджалел – 230.
Ерейментау ауданы Олжабай батыр атындағы ауылдық округінің әкімі болып 1990 жылы туған Оразов Ақылбек Қазбекұлы сайланды, ұақытша жұмыс істемейді. Ерейментау ауданы Олжабай батыр атындағы ауылы, Гнинеко к-сі, 44 үйде тұрады. Өзін-озі ұсынған.
Ерейментау аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 2 тамыздағы №12 шешімімен 2022 жылғы 31 шілдеде сайланған Ерейментау ауданының Олжабай батыр атындағы ауылдық округінің әкімін тіркеді.
Ерейментау аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы