Хабарлама
Ақмола облысы Ерейментау ауданы Олжабай батыр атындағы ауылдық округінің сайлау учаскелерінің шекаралары, учаскелік сайлау комиссияларының орналасқан жері мен құрамы туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 17-бабының 2-тармағына, 23-бабының 5-тармағына, Ерейментау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 01 шілдедегі №19/83 «Ерейментау ауданы Олжабай батыр атындағы ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы» қаулысына, Ерейментау ауданы әкімінің 2021 жылғы 8 маусымдағы № 07 «Сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне сәйкес сайлау учаскесінің шекарасы, Ерейментау ауданы Олжабай батыр атындағы ауылдық округінің сайлау учаскелерінің шекаралары, учаскелік сайлау комиссияларының орналасқан жері мен құрамын хабарлаймыз.
№ 394 сайлау учаскесі
№ 395 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Ынтымақ ауылы, Рақымжан Қошқарбаев атындағы көшесі, 7, "Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Ынтымақ ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты,тел: 8(71633)5-36-49.
Шекаралары: Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Ынтымақ ауылы.
Учаскелік сайлау комиссиясының құрамы: төрайымы – Силам Күнширик; төрағаның орынбасары- Ләззат Оралқызы Бейсенова; хатшысы – Тауасар Нұрдығүл; комиссия мүшелері: Сәлима Шәріпқызы Бейсенова, Сарман Қабділінұлы Нұрманов.
Ерейментау ауданының әкімі
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы