Ерейментау ауданы Олжабай батыр атындағы ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы хабарлама
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап, Ерейментау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2022 жылғы 18 шілдеде Олжабай батыр атындағы ауылдық округінің әкіміне екі кандидатты тіркеді.
- Оразов Ақылбек Қазбекұлы - 30.11.1990 жылы туған, уақытша жұмыс істемейді, Нұр-сұлтан қаласы, Әл-Фараби шағынауданы, Ш.Құдайбердіұлы даңғылы 30/64 (өзін-өзі ұсынған).
- Хавджалел Хасамхан-22.05.1983 жылы туған, "Олжабай батыр атындағы ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ, әкім, Ақмола облысының Ерейментау ауданы, Олжабай батыр атындағы ауыл, Мәңгілік ел көшесі,20, ("АМАNAT "партиясы"қоғамдық бірлестігінен).
2022 жылғы 20 шілдеде аудандық аумақтық сайлау комиссиясы екі кандидатты тіркеді:
- Канафин Нариман Магимович-15.08.1984 жылы туған, "Ерейментау ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ, бас маман, Ақмола облысы Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, М.Әуезов көшесі 14, 9 пәтер (өзін-өзі ұсынған).
- Кокумбаев Рүстем Жанатович-04.06. 1989 жылы туған, "Ерейментау ауданының экономика және қаржы бөлімі" ММ, бас маман. Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, Заречная көшесі, 87; (өзін-өзі ұсынған).
Отырыс барысында ауылдық округ әкімдігіне кандидаттарға куәлік табыс етілді.
Ерейментау ауданы Олжабай батыр атындағы ауылдық округі әкімдігіне тіркелген барлық кандидаттардың сайлау алдындағы үгітті бастауға құқығы бар, ол кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған кезден басталып, сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады
2022 жылғы 20 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталады және 2022 жылғы 30 шілдеде жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылдың 25 тамызындағы "Кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы үшін қаражат бөлу қағидалары мен көлемдерін бекіту туралы" 12/202 қаулысына сәйкес барлық кандидаттарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін тең жағдайлар жасалатынына кепілдік беріледі
Ерейментау аудандық
аумақтық сайлау комиссиясы