Ерейментау ауданы Олжабай батыр атындағы ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы

Ерейментау ауданы Олжабай батыр атындағы ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 21- бабы 14-тармағының 6 тармақшасына сәйкес Ерейментау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Олжабай батыр атындағы ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі құрылсын:

1) Олжабай батыр атындағы ауылдық округінің шекарасында - Олжабай сайлау округі.

  1. Сайлау округінің шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері Ерейментау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық "Ерейментау ақпарат" газетінде жариялансын.

Ерейментау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Орналасқан жері: Ерейментау қаласы, А. Құнанбаев көшесі,121, тел. 8(71633) 2-32-45

Комиссия төрайымы-Жүсіпова Зенеп Байваққызы;

Төрайымның орынбасары-Смағұлов Алмас Хасенұлы;

хатшы - Ербатырова Зухра Серікқызы; комиссия мүшелері: Амантаева Дариға Төлегенқызы, Мамбеталина Гүлдана Бекенқызы, Оразалимов Сапарғали Әбуұлы, Сағиева Гүлбағдат Төкенқызы.

Ерейментау аудандық аумақтық

сайлау комиссиясы

Ерейментау ауданы Олжабай батыр атындағы ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы
Дата публикации
01 июля 2022