2022 жылғы 26 маусымда Ерейментау ауданы Ақсуат ауылы әкімінің сайлауы өтті.
Ерейментау аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Ерейментау ауданының ауыл, ауылдық округтері әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Ақсуат ауылы әкімін сайлау бойынша Ақсуат сайлау округі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 317 азамат енгізілді, олардың 226-сы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 3, "барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған-4.
Әр үміткерге берілген дауыстар саны: Е.К. Алдангуров – 62;.Ж.К. Ыдырысова – 36, Е. Б. Қыздарбеков– 88, Е. М. Мажкенов – 33.
Ерейментау ауданы Ақсуат ауылының әкімі болып 03.02.1987 жылы туған Қыздарбеков Ерғанат Болатбекұлы сайланды, Ерейментау ауданы "Ақсуат ауылы әкімінің аппараты" ММ-нің әкімі. Ақмола облысы Ерейментау ауданы Ақсуат ауылында тұрады.