2022 жылдың 26 маусымға тағайындалған Ерейментау ауданы Ақсуат ауылы әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы хабарлама
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап, Ерейментау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2022 жылғы 14 маусымда Ақсуат ауылының әкіміне төрт кандидатты тіркеді.
- Алдангуров Ерлан Камиденович-06.05.1967 жылы туған, "Ажар" ӘКК төрағасы, Ақмола облысы Ерейментау ауданы Ақсуат ауылы (өзін-өзі ұсынған);
- Идрисова Жібек Қалымбекқызы - 15.11.1965 жылы туған, Ерейментау ауданы "Ақсуат ауылы әкімінің аппараты" ММ, бас маман, Ақмола облысы Ерейментау ауданы Ақсуат ауылы (өзін-өзі ұсынған);
- Қыздарбеков Ерғанат Болатбекұлы-03.02.1987 жылы туған, Ерейментау ауданы "Ақсуат ауылы әкімінің аппараты" ММ, әкім, Ақмола облысы Ерейментау ауданы Ақсуат ауылы (өзін-өзі ұсынған);.
- Мажкенов Ербол Матаевич-30.01.1975 жылы туған, "811 КИ автожөндеу зауыты" АҚ, техникалық бақылау бөлімінің бастығы, Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы (өзін-өзі ұсынған).
Отырыс барысында Ақсуат ауылының әкімдігіне үміткерлерге куәліктер табыс етілді.
Ерейментау ауданы Ақсуат ауылы әкіміне тіркелген барлық кандидаттардың сайлау алдындағы үгітті жүргізуге құқығы бар, ол кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған кезден басталып, сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады
2022 жылғы 15 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталады және 2022 жылғы 25 маусымда жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы №12/202 "бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу үшін кандидаттарға қаражат бөлу қағидалары мен көлемдерін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, барлық кандидаттарға заңнамада үгіт жұмысын жүргізу үшін тең жағдайларға кепілдік беріледі.
Ерейментау аудандық
аумақтық сайлау комиссиясы