Ерейментау ауданы Ақсуат ауылы әкімінің сайлауын
тағайындау туралы
Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабына және 113-1-бабына сәйкес Ерейментау аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ::
- Ерейментау ауданы Ақсуат ауылының әкімін сайлау 2022 жылғы 26 маусымға тағайындалсын.
- 2022 жылғы 26 маусымға тағайындалған Ерейментау ауданы Ақсуат ауылы әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы Ерейментау аудандық округтік сайлау комиссиясының сайтында және «Ерейментау ақпарат» аудандық газетінде жариялансын.
Комиссия төрайымы З.Б. Жүсіпова
Комиссия хатшысы З.С.Ербатырова