Ақпараттық хабарлама

Ақпараттық хабарлама

2022 жылғы 7 наурызда аумақтық сайлау комиссиясына Ерейментау ауданы Қойтас ауылдық округінің әкіміне кандидаттардың– Н.М. Канафин мен Р. Ж. Кокумбаевтың құжаттары келіп түсті.

2022 жылғы 9 наурызда "Нұр Отан" партиясынан  Қойтас ауылдық округінің әкіміне кандидатты И.К. Ахметовтің құжаттары келіп түсті.

Ерейментау аумақтық сайлау комиссиясы әкімдерге сайлауға кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңымен, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңмен қойылған талаптарға тиісті органдар сәйкестігін белгілейді.

2022 жылдың 27 наурызға белгіленген Қойтас ауылдық округінің әкімін сайлаудың күнтізбелік жоспарына сәйкес, кандидаттарды ұсыну ағымдағы жылдың 26 ақпан мен 11 наурыз (сағат 18.00-ге дейін) аралығында жүзеге асырылады.

Ерейментау аудандық

аумақтық сайлау комиссиясы

Ақпараттық хабарлама
Дата публикации
09 марта 2022