«2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»
2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, ҚР Еңбек кодексіне, Бірыңғай бюджеттік сыныптамаға, қолданыстағы нормативтік–құқықтық актілерге сәйкес жоспарланған.
Аудандық бюджет кірістерінің көлемі 2022 жылы 4 242 593,0 мың теңге сомасында болжанып отыр, оның ішінде 1,2,3 санаттағы түсімдер 1 515 927,0 мың теңге сомасында, ағымдағы жылдың нақтыланған бюджетіне 394 782,1 мың теңгеге немесе 135,2% - ға ұлғаюмен. Оның ішінде 3 санат бойынша «азаматтарға пәтерлерді сатудан түсетін түсімдер» 301 103 коды бойынша 45 пәтерлі тұрғын үйдегі пәтерлерді сатқаны үшін (2-позиция) 392 976,0 мың теңге қосымша жоспарланған, оларды кредиттік шартқа сәйкес 2020 жылы көрсетілген үйдің құрылысына облыстық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша негізгі борышты өтеуге жіберіледі.
оның ішінде түсімдердің негізгі көздері бойынша:
әлеуметтік салық – 438 567,0 мың теңге (28,9%);
мүлік салығы – 641 147,0 мың теңге (42,3%);
мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сату - 395 056,0 мың теңге – 26,1%)
кәсіпкерлік және кәсіби қызметті жүргізгені үшін алынатын алымдар – 15 169,0 мың теңге (1,0%);
Оның ішінде санаттар бойынша:
– Салықтық түсімдер - 1 106 882,0 мың теңге (2021 жылдың нақтыланған жоспарының 23 907,2 мың теңгеге ұлғаюымен).
- салықтық емес түсімдер- 13 989,0 мың теңге (2021 жылдың нақтыланған жоспарының 2 993,6 мың теңгеге ұлғаюымен).
- Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер- 395 056,0 мың теңге (2021 жылдың нақтыланған жоспарын 367 881,3 мың теңгеге ұлғайтумен).
Облыстық бюджеттен субвенция көлемі-2 697 593,0 мың теңге (30 211,0 мың теңгеге кемітумен). Субвенционалдылық пайызы 63,6% құрайды.
Ерейментау қаласының бюджетінен бюджеттік алулардың көлемі
29073,0 мың теңге.
2023-2024 жылдардағы жоспарлы кезеңге кірістер келесі көлемдерде айқындалған:
2023 жылы - 1 300 868,0 мың теңге (оның ішінде субвенция 91 243 мың теңге);
2024 жылы-1 349 254,0 мың теңге (оның ішінде субвенция 91 243 мың теңге).
2023-2024 жылдардағы жоспарлы кезеңге 1,2,3 санаттағы кірістер келесі көлемдерде айқындалған:
2023 жылы-1 179 099,0 мың теңге;
2024 жылы-1 226 263,0 мың теңге.
II.Шығындар
2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет шығындары келесі көлемде жоспарланған:
2022 жылы - 3 849 617,0 мың теңге,
2023 жылы-1 300 868,0 мың теңге,
2024 жылы-1 349 254,0 мың теңге.
Функционалдық топтар бойынша шығындар:
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер
«Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» 01 функционалдық тобы бойынша шығыстар 2022 жылға 205 955,0 мың теңге сомасында жоспарланған.
Осы функционалдық топ бойынша аудандық бюджет қаражаты есебінен келесі мемлекеттік органдардың аппараттары бар: аудандық мәслихат аппараты, аудан әкімінің аппараты, ауданның экономика және қаржы бөлімі, тұрғын үй комуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі
Аудандық мәслихат аппараты бойынша
аудандық мәслихаттың қызметін қамтамасыз ету бойынша қызметтерге шығындар 20 625,0 мың теңгені құрады
Аудан әкімінің аппараты бойынша
аудан әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерге-109 628,0 мың теңге.
Экономика және қаржы бөлімі бойынша
бөлім аппаратын қамтамасыз етуге 44 819,0 мың теңге.
күрделі шығындар - Мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету үшін жиынтықта 453,0 мың теңге сомаға компьютер сатып алу.
Бұдан басқа, ағымдағы шығындар бойынша коммуналдық мүлікті жекешелендіруді ұйымдастыру бойынша шығындар – 831,0 мың теңге, сондай-ақ салық салу мақсатында мүлікті бағалауды жүргізуге 1 018,0 мың теңге қарастырылған.
ТҮКШ, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі бойынша
бөлім аппаратын қамтамасыз етуге 16 748,0 мың теңге қарастырылған.
Кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі бойынша
бөлім аппаратын қамтамасыз етуге 11 833,0 мың теңге қарастырылған.
Қорғаныс
«Қорғаныс» функционалдық 02 тобы бойынша 2022 жылға арналған шығындар 24 130,0 мың теңге сомасында жоспарланған.
Осы функционалдық топ бойынша келесі шығыстар қарастырылды
- жалпыға бірдей әскери міндеттілік шеңберіндегі іс-шаралар- 5 415 мың теңге (аудандық әскери басқару органдарын әскерге шақыру пункттерімен, техникалық қызметкерлермен қамтамасыз ету (1 бірлік), Көкшетау қаласына әскерге шақырылушыларды жеткізу, медициналық байқауды өткізу үшін ақы төлеу бойынша шығындар жоспарланған);
– аудандық ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жанар – жағар май сатып алуға 934,0 мың теңге ;
- аудандық ауқымдағы дала өрттерінің алдын алу және сөндіру бойынша іс-шаралар өткізу - жанар-жағар май сатып алуға 781 мың теңге, сондай-ақ Олжабай Батыр ауылындағы қолданыстағы өрт сөндіру бекетінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге 8 500,0 мың теңге қарастырылған және Еркіншілік ауылындағы өрт сөндіру бекетін құруға 8 500,0 мың теңге;
Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі
«Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі» 03 функционалдық тобы бойынша шығындар 2022 жылға – 4 593 мың теңге сомасында жоспарланған.
Осы функционалдық топ бойынша келесі шығындар қарастырылды:
- елді мекендерде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету - 2 043,0 мың теңге - жол белгілерін орнату және ұсталған автокөлік үшін айыппұл тұрағын қамтамасыз етуге 2 550,0 мың теңге;
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру
«Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру» 06 функционалдық тобы бойынша шығындар 2022 жылға – 152 524,0 мың теңге сомасында жоспарланған.
Бюджетте Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімін қамтамасыз етуден басқа 40 045,0 мың теңге сомасында келесі шығындар қарастырылған:
- жұмыспен қамту бағдарламасы - 25 302,0 мың теңге (оның ішінде 132 адамды қамтитын қоғамдық жұмыстар).
- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – 3 435,0 мың теңге (143 алушы);
- тұрғын үй көмегі - 245,0 мың теңге (алушылар - 8 отбасы);
– азаматтардың жекелеген санаттарына жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша әлеуметтік көмек - 30 386,0 мың теңге (2 123 алушыға).
- үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету – 888,0 мың теңге 8 мүгедек балаға жәрдемақы төлеуге;
- мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету - 22 271,0 мың теңге. Бұл бағдарлама бойынша әлеуметтік қызметкерлердің 17,1 штаттық бірлігі қамтылған;
- мұқтаж мүгедектерді арнайы гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге - 7 517,0 мың теңге (мұқтаж мүгедектер);
- жәрдемақыларды есептеу, төлеу және жеткізу бойынша төлем – 594,0 мың теңге.
- жұмыспен қамту орталығының қызметін қамтамасыз етуге - 16 487,0 мың теңге;
- күрделі шығындар - Жұмыспен қамту орталығымен сапалы мемлекеттік қызмет көрсету үшін 453,0 мың теңге жиынтықта компьютер сатып алу.
- үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру (Еркіншілік ауылы және Ерейментау қаласы күндізгі жартылай стационарды қамтамасыз етуге, барлығы 8 адамға) - 5 354,0 мың теңге;
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
2022 жылға арналған «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» 07 функционалдық тобы бойынша шығындар – 59 837,0 мың теңге сомасында қалыптасты.
Келесі шығындар қарастырылған:
- Кондоминиум объектілеріне техпаспорттарды дайындау - үш техпаспортты дайындауға 426,0 мың теңге – ;
– үздіксіз жылумен жабдықтауды қамтамасыз ету - 45000,0 мың теңге, оның ішінде:
«Жылусервіс» ШЖҚ КМК көмір сатып алу - 30 000,0 мың теңге; №5 қазандыққа және жылу трассасына жөндеу жүргізу - 15 000,0 мың теңге;
– сумен жабдықтау жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге барлығы 4 936,0 мың теңге жоспарланған, оның ішінде 936,0 мың теңге - 5 гидрантты жөндеуге және 4 000,0 мың теңге Ерейментау қаласында ұңғыманы бұрғылауға.
-инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға 9 475,0 мың теңге, оның ішінде 1,0 мың теңге Ерейментау қаласындағы 45 пәтерлі екі үйге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салуға (3 және 4 поз.), 9 474,0 мың теңге Новомарковка, Еркіншілік, Ақмырза, Еңбек ауылдарында көше жарығын салуға Мемлекеттік сараптамамен жобалық сметалық құжаттама әзірлеуге.
Мәдениет, спорт, туризм және
ақпараттық кеңістік
«Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» 08 функционалдық тобы бойынша шығындар 2022 жылға – 255 374,0 мың теңге сомасында жоспарланған.
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бойынша: Жергілікті деңгейде тілдерді және мәдениетті дамыту саласындағы саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер- 21 913,0 мың теңге;
- мәдени демалыс жұмыстарын қолдау - 115 063,0 мың теңге (аудандық және ауылдық мәдениет үйлері мен ауылдық клубтарды қамтамасыз етуге), оның ішінде костюмдер сатып алуға - 916,0 мың теңге, аудандық көркемөнерпаздар байқауына жүлделер алуға - 658,0 мың теңге;
- кітапханалардың жұмыс істеуі - 48 489,0 мың теңге. Шығындар 16 кітапхананы ұстауға бағытталды;
- мемлекеттік тілді және Қазақстан халықтарының басқа да тілдерін дамытуға - 8222,0 мың теңге. Шығындар қазақ және ағылшын тілдерін оқытуға бағытталған;
- 6 000,0 мың теңге Еркіншілік мәдениет үйін күрделі жөндеуге жобалық сметалық құжаттама әзірлеуге қарастырылған;
Ішкі саясат бөлімі бойынша:
- Жергілікті деңгейде ақпарат, мемлекеттілікті нығайту және азаматтардың әлеуметтік сенімділігін қалыптастыру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер – 14 509,0 мың теңге;
- жастар саясаты саласында іс-шараларды іске асыру- 14 025,0 мың теңге (оның ішінде 5 240,0 мың теңге аудан әкімінің атаулы шәкіртақысын төлеуге, жоғары оқу орындарында медициналық мамандықтарда оқитын 6 студентке және 1 000,0 мың теңге жастар саясаты саласында іс-шараларды өткізуге);
– мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша қызметтер газетке материалдарды жариялауға 10 879,0 мың теңге.
Дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша:
- Жергілікті деңгейде дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер – 8 163,0 мың теңге;
- аудандық деңгейде спорттық жарыстар өткіз - 1 626,0 мың теңге. Шығындар әртүрлі деңгейдегі 21 спорттық іс-шараны өткізуге жоспарланған;
- әртүрлі спорт түрлері бойынша аудан құрама командаларының облыстық спорттық жарыстарға дайындығы және қатысуы - 6 032,0 мың теңге, 16 жарысқа қатысу үшін;
- күрделі шығындар- Мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету үшін жиынтықта 453,0 мың теңге сомаға компьютер сатып алу.
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары
2022 жылға арналған аудандық бюджеттің шығындарында «Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары» 10 функционалдық тобы бойынша – 59 645,0 мың теңге қарастырылған.
Ауыл шаруашылығы бөлімі бойынша:
- Жергілікті деңгейде ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 18 377,0 мың теңге.
Жер қатынастары бөлімі бойынша:
- Жергілікті деңгейде жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер – 30 308,0 мың теңге, оның ішінде жер актілерін дайындауға- 13 000,0 мың теңге сомасында.
Сондай-ақ, Новомарковка ауылының шекарасын белгілеуге 537,0 мың теңге қарастырылған.
Экономика және қаржы бөлімі бойынша:
- мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру – 10 423,0 мың теңге, оның ішінде 5 514,0 мың теңге мамандарға көтерме ақы төлеуге 18 адам және қаржылық қызметтер- 4 909,0 мың теңге.
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы
және құрылыс қызметі
«Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» 11 функционалдық тобы бойынша 2022 жылға арналған шығындар мемлекеттік мекемелерді қамтамасыз етуге 23 445,0 мың теңге сомасында қарастырылған, оның ішінде:
- сәулет және қала құрылысы бөлімі бойынша- 10 901,0 мың теңге;
- құрылыс бөлімі бойынша- 12 544,0 мың теңге;
Көлік және коммуникация
«Көлік және коммуникациялар» 11 функционалдық тобы бойынша 2022 жылға арналған шығындар 19 980,0 мың теңге сомасында қарастырылған, оның ішінде:
- Ерейментау қаласындағы әлеуметтік маңызы бар маршруттар бойынша тасымалдаушының шығындарын субсидиялауға- 13 980,0 мың теңге;
- автожолдарды қысқыға қамтамасыз етуге - 6 000,0 мың теңге.
Өзгелері
2021 жылға арналған «Өзгелері» 13 функционалдық тобы бойынша шығындар – 22 000,0 мың теңге сомасында қарастырылған, оның ішінде:
21 000,0 мың теңге – шұғыл қажеттіліктерге жергілікті атқарушы органның резерві
1 000,0 мың теңге – төтенше резерв.
Қарызға қызмет көрсету
14 функционалдық тобы бойынша 75 305,0 мың теңге сомасында бағалы қағаздар шығару есебінен облыстық бюджеттен 2020-2021 жылдары алынған қарыздар бойынша сыйақылар төлеу, сондай-ақ мамандарды әлеуметтік қолдауға алынған кредиттер бойынша сыйақылар төлеуге 14 мың теңге сомасында қарастырылған. Бағдарлама бойынша шығындар барлығы 75 319,0 мың теңгені құрады
Трансферттер
«Трансферттер» 15 функционалдық тобы бойынша 167 873,0 мың теңге сомасында ауылдар мен ауылдық округтерге Субвенциялар қарастырылған. Заңнаманың өзгеруіне байланысты (білім беру саласындағы шығындарды облыстық деңгейге беру) жоғары тұрған бюджеттің шығындарын өтеуге төмен тұрған бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер – 2 778 942,0 мың теңге.
Қарыздарды өтеу
16 функционалдық тобы бойынша негізгі қарызды өтеуге 406 744,0 мың теңге қарастырылған, оның ішінде 392 976,0 мың теңге - 2020 жылы 45 пәтерлі тұрғын үй құрылысына облыстық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша (2-позиция), 13 768,0 мың теңге – мамандарға бюджеттік кредиттер бойынша.