«Ерейментау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 6С-57/2-20 «2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақмола облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 наурыздағы № 7С-2-4 «Ақмола облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №6С-52-2 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы», 2021 жылғы 26 сәуірдегі №7С-3-3 «Ақмола облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №6С-52-2 Ақмола облыстық мәслихатының 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» өзгерістер енгізу туралы шешімдеріне республикалық және облыстық бюджеттерден берілетін нысаналы трансферттердің түсімдер жоспарларына өзгерістер және облыстың жергілікті атқарушы органдары шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар шығарудан түсетін түсімдерді бөлу, осыған байланысты бюджетті нақтылауды жүргізу қажет. Сонымен қатар, аудандағы бірқатар проблемаларды шешу мақсатында 2021 жылға арналған аудандық бюджетке өзгерістер енгізу қажет.
І. Аудандық бюджеттің түсім бөлігі
Аудандық бюджеттің барлық түсімдері 4 829 259,8 мың теңге сомасында жоспарланып, 271 262,8 мың теңгеге ұлғайтылды.
Оның ішінде республикалық бюджеттен трансферттер бойынша өзгерістер есебінен:
«Ағымдағы нысаналы трансферттер» 402 201 Кіші сыныбы бойынша:
Барлығы 3 004,4 мың теңге сомасына ұлғайту - Мүгедектерді протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық және тифлотехникалық құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге, сондай-ақ мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторий-курорттық емдеу қызметтерін ұсынуға.
Облыстық бюджеттен берілетін трансферттер бойынша өзгерістер есебінен:
«Ағымдағы нысаналы трансферттер» 402 201 Кіші сыныбы бойынша:
Барлығы 62 189,1 мың теңге сомасына ұлғайту, оның ішінде: 48 632,4 мың теңге - Тайбай а/о, Малтабар ауылының кентішілік жолының жол жабынын орташа жөндеу; 13 556.7 мың теңге - Мүгедектерді протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық және тифлотехникалық құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге, сондай-ақ мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторий-курорттық емдеу қызметтерін ұсынуға.
«Берілетін нысаналы даму трансферттері» 402 202 Кіші сыныбы бойынша:
Барлығы 142 069,3 мың теңге сомасына ұлғайту, оның ішінде: 1000,0 мың теңге - Еңбек ауылының сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы; 1000,0 мың теңге - Сілеті ауылының таратушы су құбыры желілерін қайта жаңарту;
1000.0 мың теңге - Ақмырза ауылының сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту; 53 278.0 мың теңге - Ерейментау қаласындағы көше жарығын электрмен жабдықтау; 35 791,3 мың теңге - Ерейментау қаласында бассейіні бар дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы; 50 000,0 мың теңге - Ерейментау қаласы Жантай батыр көшесі бойында екі 45 пәтерлі №№83 және 83Б және бір 60 пәтерлі №83 А тұрғын үйлерге инженерлік- коммуналдық инфрақұрылым салу (электірмен жабдықтау).
Мамандарға әлеуметтік қолдау көрсетуге 8 571,0 мың теңге сомасында несие түсімдерінің жоспары ұлғайтылды.
Жұмыспен қамту Жол картасының іс-шараларын қаржыландыру үшін облыстың жергілікті атқарушы органдары шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылымынан түсетін түсімдер есебінен өзгерістер, оның ішінде:
100 000,0 мың теңге сомасына ұлғайту - Ерейментау қаласында 45 пәтерлі тұрғын үй салу - мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін (№3 позиция).
Меншікті кірістер бойынша 10 000,0 мың теңгеге «Заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық» 104 101 коды бойынша жылдық жоспар - болжам ұлғайтылды.
Аудандық бюджеттің шығындары бос қалдықтарды, сондай-ақ 2020 жылдың қорытындысы бойынша пайда болған бюджеттік бағдарламалардың жекелеген әкімшілерінің дебиторлық берешегін пайдалануды ескере отырып, 354 413,8 мың теңгеге ұлғаюмен 5 140 951,6 мың теңге сомасында айқындалды.
Облыстың жергілікті атқарушы органдары шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылымынан түсетін түсімдер есебінен мынадай шығыстар жоспарланған:
100 000,0 мың теңге - Ерейментау қаласында 45 пәтерлі тұрғын үй салу - мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін (№3 позиция).
37 151,0 мың теңге сомасындағы бос қалдықтар есебінен республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінген 2020 жылы пайдаланылмаған нысаналы трансферттерді облыстық бюджетке қайтару жүргізілді.
Бұдан басқа, 5 741,5 мың теңге сомасындағы үнемдеу есебінен пайдаланылмаған қаражатты келесі бағдарламалар бойынша азайту және қайта бөлу қажеттілігі туындады.
Жер қатынастары бөлімі бойынша - 3 723,0 мың теңге (Тайбай а/о шекараларын белгілеу бойынша Мемлекеттік сатып алулар бойынша үнем) , мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бойынша - 230,2 мың теңге (бұрынғы Теміржолшылар Мәдениет үйі ғимаратын күрделі жөндеуге ЖСҚ сараптамасын жүргізу бойынша Мемлекеттік сатып алулар бойынша үнем), ішкі саясат бөлімі бойынша - 971,5 мың теңге (ақпараттық саясатты жүргізу бойынша Мемлекеттік сатып алулар бойынша үнем), аудан әкімі аппараты бойынша - 815,8 мың теңге (0,3 жыл басы, 815,5 мың теңге - компьютерлерді Мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеу), құрылыс бөлімі бойынша – 1,0 мың теңге.
Аудандық мәслихат аппараты
– 236,3 мың теңге - автокөлікті жөндеуге
Аудан әкімінің аппараты
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
- 1 440,4,0 мың теңге - әлеуметтік көмек көрсетуге қаражаттың жетіспеушілігі
Ішкі саясат бөлімі
- 144,6 мың теңге – «Рухани жаңғыру» кабинетінде телефон мен интернет үшін абонентті орнатуға және төлеуге
Құрылыс бөлімі
ТҮКШ, ЖК, АД және тұрғын үй инспекциясы бөлімі
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
3 090,0 мың теңге – «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде объектілерді күрделі жөндеуге ЖСҚ әзірлеуге
Тұтастай алғанда, бюджеттік сыныптаманың функционалдық топтары бөлінісінде шығындар:
- 01 Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер - 295 529,4 мың теңге
- 02 Қорғаныс - 12 480,0 мың теңге
- 03 Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық - атқару қызметі - 1 043,0 мың теңге
- 06 Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру – 343 714,9 мың теңге
- 07 Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 688 554,6 мың теңге
- 08 Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік – 321 126,1 мың теңге
- 09 Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану - 131 002,1 мың теңге
- 10 Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары - 51 936,8 мың теңге
- 11 Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі – 37 667,0 мың теңге
- 12 Көлік және коммуникация - 105 602,0 мың теңге
- 13 Басқалар - 31 620,7 мың теңге
- 14 Борышқа қызмет көрсету - 80 078,0 мың теңге
- 15 Трансферттер - 3 040 597,0 мың теңге