2021-2023 жылдарға
Ерейментау ауданының азаматтық бюджеті
Жоспарлау және бюджетті бекіту
2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, ҚР Еңбек кодексіне, Бірыңғай бюджеттік сыныптамаға, әрекеттегі нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жоспарланды.
«2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюжет туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 2 желтоқсандағы Заңымен белгiленді:
1) жалақының ең төменгі мөлшері – 42 500 теңге;
2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері – 18 524 теңге,
3) зейнетақының ең төменгі мөлшері – 43 272 теңге;
4) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу,сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 2 917 теңге;
5) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеу үшiн ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 34 302 теңге.
2021 жылда аудандық бюджет кірістерінің көлемі (нысаналы трансферттерді ескерумен) 4 611 997,0 мың теңге сомасында болжануда, соның ішінде 24 281,0 мың теңгеге немесе 102,4%-ға ағымдағы жылдың нақтыланған бюджетіне артумен 1 043 915,0 мың теңге сомасында 1,2,3 санаттағы түсімдер.
оның ішінде негізгі көздер бойынша:
әлеуметтік салық – 316 813,0 мың теңге (30,3%);
мүлікке арналған салық – 618 408,0 мың теңге (59,2%);
табиғи және басқа да ресурстарды пайдалануға түсімдер – 66 465,0 мың теңге (6,4%);
кәсіпкерлік және кәсіптік қызметті жүргізуге алымдар – 12 150,0 мың теңге (1,2%);
жерді сату – 13 429,0 мың теңге (1,3%).
Соның ішінде санаттар бойынша:
-салықтық түсімдер -1 020 676,0 мың теңге (2020 жылдың нақтыланған жоспарына 23 671,0 мың теңгеге артумен).
-салықтық емес түсімдер – 8 810,0 мың теңге (2020 жылдың нақтыланған жоспарына 1 161,0 мың теңгеге азайтумен).
- негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер – 14 429,0 мың теңге (2020 жылдың нақыталған жоспарына 1 770,0 мың теңгеге артумен).
Облыстық бюджеттен субвенцияның көлемі – 2 727 804,0 мың теңге. Субвенциялықтың пайызы 71,1%-ды құрайды.
2022-2023 жылдардың жоспарлы кезеңіне арналған кірістер келесі көлемде анықталды:
2022 жылда – 3 772 807,0 мың теңге (оның ішінде субвенция 2 697 593 мың теңге);
2023 жылда – 3 810 943,0 мың теңге (оның ішінде субвенция 2 697 593 мың теңге).
2022-2023 жылдардың жоспарлы кезеңіне арналған 1, 2, 3-санаттардың кірістері келесі көлемде анықталды:
2022 жылда – 1 075 214,0 мың теңге;
2023 жылда – 1 113 350,0 мың теңге.
2021 жылға арналған облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер 394 080,0 мың теңгені құрады, соның ішінде:
28 979,0 мың теңге – Ерейментау қаласында бассейіні бар дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы
1 200,0 мың теңге - «Инватакси» қызметін дамытуға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру
2 304,0 мың теңге - қысқа мерзімдік кәсіби оқытуды іске асыруға
11 008,0 мың теңге - қоныс аударушылар мен оралмандар үшін тұрғын үйді жалдау (жалға алу) бойынша демеу-қаржы шығындарды өтеуді субсидиялауға
24 547,0 мың теңге - ауылдық жерлерде тұратын педагогтер үшін отын және коммуналдық қызметтерді төлеу
11 391,0 мың теңге - халықты жұмыспен қамту орталықтарында әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар мен ассистенттерді еңгізуге
13 914,0 мың теңге - Еркіншілік ауылының дамыту және құрылыс салу схемаларын әзірлеу
3 690,0 мың теңге – көпбалалы аналарға және көпбалалы отбасылардың балаларына жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз етуге
2 188,0 мың теңге - көтерме жәрдемақы мөлшерін ұлғайтуға
58 041,0 мың теңге - Ерейментау ауданы Ерейментау қаласындағы № 5 қазандықты (ЖІӨ-530) ауыстыра отырып, су өткізгіш жылытқышты ағымдағы жөндеу
99 497,0 мың теңге - Ерейментау ауданының "КС ER-18 Малтабар ауылына кіреберіс" км 0-2 автомобиль жолын орташа жөндеу
50 387,0 мың теңге - Ақмола облысы Ерейментау ауданы Ерейментау қаласының көше-жол желісін жаяужолға орташа жөндеу (5 көше - Бөгенбай батыр, Үмбетей жырау, Уәлиханов, Әлжанов, Кенесары көшелері)
30 985,0 мың теңге - Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласында 45 пәтерлі жалға берілетін коммуналдық тұрғын үй құрылысы (1 позиция)
35 749,0 мың теңге - Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласында 45 пәтерлі жалға берілетін коммуналдық тұрғын үй құрылысы (2 позиция)
20 200,0 мың теңге - Шаруашылық жүргізуге құқығын алған «Эко Жәрдем» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның жарғылық капиталын арттыру
2021 жылға арналған республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер 446 198,0 мың теңгені құрады, соның ішінде:
25 104,0 мың теңге - мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге
8 200,0 мың теңге - кепілдік берілген әлеуметтік топтамаға, оның ішінде төтенше жағдайға байланысты азық-түлік-тұрмыстық жиынтықтармен қамтамасыз етуге
2 560,0 мың теңге - үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға
6 180,0 мың теңге - мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға
4 396,0 мың теңге – техникалық көмекшi (компенсаторлық) құралдар тiзбесiн кеңейтуге
6 423,0 мың теңге – жалақыны ішінара субсидиялауға және жастар практикасына
5 120,0 мың теңге - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге ерікті түрде қоныс аударатын адамдарға және қоныс аударуға жәрдемдесетін жұмыс берушілерге мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуге
11 668,0 мың теңге – NEET санатындағы жастарға және табысы аз көпбалалы отбасыларға, табысы аз еңбекке қабілетті мүгедектерге жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік гранттарды ұсынуға
5 867,0 мың теңге – халықты мемлекеттік әлеуметтік қорғау ұйымдарында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін жұмыскерлердің жалақысына қосымша ақылар белгілеуге
46 080,0 мың теңге - қоғамдық жұмысына
23 175,0 мың теңге – мемлекеттік мәдениет ұйымдарының және архив мекемелерінің басқарушы және негізгі персоналына мәдениет ұйымдарындағы және архив мекемелеріндегі ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдық айлықақысына қосымша ақылар белгілеуге
301 425,0 мың теңге - Ақмола облысы Ерейментау ауданы Бестоғай ауылының сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту (Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен)
Мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету шарасын іске асыру үшін республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер 8 751,0 мың теңгені құрады
2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджеттің шығындары келесі көлемде жоспарланды:
2021 жылда – 4 611 997,0 мың теңге;
2022 жылда – 3 772 807,0 мың теңге;
2023 жылда – 3 810 943,0 мың теңге.
Функционалдық топтар бойынша шығындар құрады:
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер
2021 жылға арналған «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» 01 функционалдық тобы бойынша шығыстар 235 523,0 мың теңге сомасында жоспарланды.
Атаулы функционалдық топта келесідей мемлекеттік органдар аппараты аудандық бюджет қаржысының есебінен қамтамасыз етіледі: аудандық мәслихаттың аппараты, аудан әкімінің аппараты, ауданның экономика және қаржы бөлімі, ТКШ, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі.
Аудандық мәслихаттың аппараты бойынша
аудан мәслихатының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерге арналған шығыстар 19 494,0 мың теңгені құрады.
Аудан әкімінің аппараты бойынша
аудан әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерге – 99 391,0 мың теңге, мемлекеттік органның күрделі шығыстарына – 600,0 мың теңге
Экономика және қаржы бөлімі бойынша
бөлімнің аппаратын қаржыландыруға 39 194,0 мың теңге.
Сонымен қатар, ағымдық шығындар бойынша коммуналдық мүлікті жекешелендіруді ұйымдастырудың шығыстары – 831,0 мың теңге, сондай-ақ салық салу мақсатында мүлікке баға беруді жүргізуге 1 018,0 мың теңге қарастырылған;
ТКШ, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі бойынша
бөлімнің аппаратын қаржыландыруға 14 931,0 мың теңге қарастырылды;
Кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі бойынша
бөлімнің аппаратын қаржыландыруға 9 677,0 мың теңге қарастырылды.
Қорғаныс
2021 жылға «Қорғаныс» 02 функционалдық тобы бойынша шығыстар 6 105,0 мың теңге сомасында жоспарланды.
Аталмыш фуникционалдық топта қарастырылған шығыстар;
-жалпыға ортақ әскери міндет аясындағы шаралар – 4 390 мың теңге (аудандық әскери басқару органдарын шақыру пункттерімен қамтамасыз етуге, техникалық қызметкерлермен (1 бірлік), Көкшетау қаласына әскерге шақырушыларды жеткізуге, медициналық тексеру үшін төлемге шығындар қарастырылған);
- аудандық көлемінде төтенше жағдайларды ескерту және жою – ЖЖМ сатып алуға 934,0 мың теңге;
- аудан көлемінде дала өрттерін сөндіру және алдын ала сақтандыру бойынша іс-шараларды өткізу – ЖЖМ сатып алуға 781 мың теңге.
Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, соттық, қылмыстық-атқарушы қызмет
2021 жылы «Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, соттық, қылмыстық-атқарушы қызмет» 03 функционалдық тобы бойынша шығыстар 1 043 мың теңге сомасында жоспарланды.
Аталмыш функционалдық топ бойынша келесі шығыстар қарастырылды:
-елді мекендерде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету – 1 043,0 мың теңге (жол белгілерін орнату).
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру
2021 жылға «Әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамтамасыз ету» 06 функционалдық тобы бойынша шығыстар – 325 579,0 мың теңге сомасында жоспарланды.
Бюджетте жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімін 34 355,0 мың теңге сомасына қамтамасыз етуден бөлек басқа да шығыстар қарастырылған:
-жұмыспен қамту бағдарламасы – 30 473,0 мың теңге (соның ішінде барлығы 160 адамды қамтумен қоғамдық жұмыстары).
- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – 224,0 мың теңге (11 алушы, яғни кірісі кедейлік шегінен төмен);
- тұрғындық көмек - 245,0 мың.теңге (алушылар 5 отбасы);
- жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жекелеген тұрғындарға әлеуметтік көмек – 30 386,0 мың теңге (1636 адамға).
-үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық көмек, 12 мүгедек балаға жәрдемақы төлемі - 888,0 мың теңге;
- үйде әлеуметтік көмекті қажет ететін тұрғындарға – 22 271,0 мың теңге. 26 әлеуметтік жұмыскерлер осы бағдарлама бойынша қамтамасыз етіледі;
-мүгедектерді арнайы гигиеналық құрал жабдықтармен қамтамасыз ету – 8 517,0 мың теңге (соның ішінде мүгедектерді арнайы гигиеналық құрал жабдықтармен қамтамасыз ету – 7 017,0 мың теңге, жеке көмекшілермен – 10 мүгедекке 1 500 мың теңге);
-төлемді аудару, жәрдемақы жеткізу және төлеу – 594,0 мың теңге;
-жұмыспен қамту орталығының қызметін қамтамасыз етуге – 16 534,0 мың теңге;
- үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру (Еркіншілік ауылындағы және Ерейментау қаласындағы күндізгі жартылай стационарды қаржыландыру, барлығы 8 адамға) – 5 354,0 мың теңге.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
2021 жылға «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы» 07 функционалдық тобы бойынша шығыстар – 461 642,0 мың теңге сомасында қалыптасты.
Шығыстар қарастырылды:
- кондоминиум нысандарына техникалық төлқұжаттарды дайындау – үш техникалық төлқұжатты дайындауға 426,0 мың теңге;
- үздіксіз жылумен жабдықтауды қамтамасыз ету – 35 000,0 мың теңге, соның ішінде:
- ШЖҚ «Жылусервис» КМК-на көмір сатып алу – 35 000,0 мың теңге;
-12,0 мың теңге, оның ішінде 10,0 мың теңге Ерейментау қаласындағы екі 45-пәтерлі тұрғын үйдің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын (3 және 4 позиция) салуға ЖСҚ әзірлеуге және 2,0 мың теңге Ерейментау қаласындағы көше (Кенесары, Жантай батыр, Бөгенбай және Локомотив көшелері) жарығын салуға және техникалық қадағалау қызметтеріне;
-4,0 мың теңге, оның ішінде 3,0 мың теңге Ерейментау ауданының Сілеті ауылы мен Ақмырза ауылының сумен жабдықтаудың таратушы желілерін қайта жаңартуға және техникалық қадағалау қызметтеріне, сондай-ақ 1,0 мың теңге Ерейментау ауданының Жаңажол ауылындағы сумен жабдықтау жүйесін салуға ЖСҚ әзірлеуге.
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік
2021 жылға «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» 08 функционалдық тобы бойынша шығыстар – 280 622,0 мың теңге сомасында жоспарланды.
Мәдениет және тілді дамыту бөлімі бойынша:
-мәдениет және тілдерді дамыту саласында жергілікті деңгейдегі саясатты жүзеге асыру жөніндегі қызметтер – 15 317,0 мың теңге;
-мәдени-демалыс жұмыстарын қолдау – 106 254,0 мың теңге (аудандық және ауылдық мәдениет үйлерін және ауыл клубтарын қаржыландыру);
-кітапханалардың жұмыс істеуі – 48 174,0 мың теңге;
-Қазақстан халқының мемлекеттік тілін және басқа да халықтардың тілдерін дамыту – 8 222,0 мың теңге;
Ішкі саясат бөлімі бойынша:
-ақпарат саласындағы жергілікті деңгейдегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөніндегі қызметтер, азаматтардың мемлекеттігін нығайту және әлеуметтік оптимизмін қалыптастыру – 11 177,0 мың теңге;
-жастар саясаты саласындағы іс-шараларды жүзеге асыру – 14 025,0 мың теңге (соның ішінде 6 дәрігер студенттерге аудан әкімінің атаулы стипендиясын төлеу үшін 5 240 мың теңге, жастар саясатын жүзеге асыру бойынша іс-шараларды өткізу – 786,0 мың теңге);
- мемлекеттік ақпараттық саясатты өткізу жөніндегі қызметтер – газеттерде материалдарды жариялауға және бейне материалдарды дайындауға 10 879,0 мың теңге;
Дене шынықтыру және спорт бөлімі:
-дене шынықтыру және спорт саласында жергілікті деңгейдегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөніндегі қызметтер – 6 762,0 мың теңге;
- аудандық деңгейде өткізілетін спорттық жарыстар – 1 626,0 мың теңге;
- облыстық спорт жарыстарына әр түрлі спорт түрлері бойынша ауданның құрама командаларын дайындау және оған қатысу – 6 032,0 мың теңге.
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, аса маңызды күзетілетін табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар әлемін қорғау,
жер қатынастары
2021 жылға «Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, аса маңызды күзетілетін табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар әлемін қорғау, жер қатынастары» 10 функционалдық топ бойынша аудандық бюджеттің шығыстарында – 43 408,0 мың теңге қарастырылды.
Ауыл шаруашылығы бөлімі бойынша:
-ауыл шаруашылық саласында жергілікті деңгейдегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөніндегі қызметтер – 15 837,0 мың теңге.
Жер қатынастары бөлімі бойынша;
-жер қатынастарын реттеу саласында жергілікті деңгейдегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөніндегі қызметтер – 14 960,0 мың теңге;
Экономика және қаржы бөлімі:
-мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыру – 10 423,0 мың теңге.
Өнеркәсіп, сәулеттік, қалақұрылыстық
және құрылыстық қызмет
2021 жылға «Өнеркәсіп, сәулеттік, қалақұрылыстық және құрылыстық қызмет» 11 функционалдық тобы бойынша шығыстар – сәулет және қалақұрылысы бөлімі бойынша – 34 054,0 мың теңге сомасында қарастырылды, оның ішінде:
-сәулет және қалақұрылысы бөлімі бойынша – 9 063,0 мың теңге;
- Ерейментау қаласындағы екі учаскелерінің егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарының жобаларын әзірлеуге – 1 145,0 мың теңге.
- құрылыс бөлімі бойынша – 9 959,0 мың теңге.
Басқа да қызметтер
2022 жылға «Басқа да қызметтер» 13 функционалдық тобы бойынша шығыстар – 20 800,0 мың теңге сомасында қарастырылды, соның ішінде:
Экономика және қаржы бөлімі бойынша:
-шұғыл шығындарға жергілікті атқарушы органның резерві – 20 800,0 мың теңге.
Борышты өтеу
Экономика және қаржы бөлімі бойынша облыстық бюджеттен берілген берешектер бойынша сыйақы және басқа да төлемдерді төлеуге жергілікті атқарушы органның борышына қызмет етуге 80 078,0 мың теңге жоспарланды.
Трансферттер
«Трансферттер» 15 функционалдық тобы бойынша 224 504,0 мың теңге сомасында Ерейментау қаласына, ауылдарға және ауылдық округтеріне субвенция қарастырылды.
Заңнаманы өзгертуге байланысты жоғары тұрған бюджеттің шығындарын өтеуге төменгі тұрған бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер – 2 778 942,0 мың теңге