2021 жылғы 7 шілдедегі Ерейментау ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысында "Нұр Отан" партиясы қоғамдық бірлестігінен 6 кандидат тіркелді:
-Барлыбаев Сапар Ибрагимұлы - Ерейментау қаласы әкіміне кандидат ;
-Мусин Джомарт Хамзенұлы - Бестоғай ауылдық округінің әкіміне кандидат;
-Алпыспаев Даулет Турсунханұлы - Күншалған ауылдық округінің әкіміне кандидат;
-Карибжанов Талгат Бапанұлы – Тайбай аулдық округінің әкіміне кандидат;
-Махшар Бекболат-Тайбай ауылдық округінің әкіміне кандидат;
-Мустафина Алмагуль Жақсылыққызы - Өлеңті ауылдық округінің әкіміне кандидат.
Тіркелген кандидаттардың 83 % ер адам және 17 % әйелдер.
Отырыс барысында кандидаттарға куәлік табысталды.
Ерейментау қаласының, Ерейментау ауданының ауылдары мен ауылдық округтердің әкімдігіне тіркелген барлық кандидаттар ағымдағы жылдың 24 шілдесінің сағат 00.00- ге дейін үгіт-насихат жұмыстарын бастауға құқылы.
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылдың 25 тамызындағы "Кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы үшін қаражат бөлу қағидалары мен көлемдерін бекіту туралы" 12/202 қаулысына сәйкес барлық кандидаттарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін тең жағдайлар жасалатынына кепілдік беріледі