Ерейментау ауданында
ауылдар, ауылдық округтері мен Ерейментау қаласы әкімдерін сайлау үшін сайлау округтерін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 21- бабы 14-тармағының 6 тармақшасына сәйкес Ерейментау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) Ерейментау қаласының әкімі - Ерейментау қаласының шекарасындағы Ерейментау сайлау округі;
2) Бестоғай ауылдық округінің әкімі - Бестоғай ауылдық округінің шекарасындағы Бестоғай сайлау округі;
3) Күншалған ауылдық округінің әкімі - Күншалған ауылдық округінің шекарасындағы Күншалған сайлау округі;
4) Новомарковка ауылының әкімі - Новомарковка селосы шекарасындағы Новомарковский сайлау округі;
5) Сілеті ауылдық округінің әкімі - Сілеті ауылдық округінің шекарасындағы Сілеті сайлау округі;
6) Бозтал ауылының әкімі - Бозтал ауылының шекарасындағы Бозтал сайлау округі.
7) Тайбай ауылдық округінің әкімі - Тайбай ауылдық округінің шекарасындағы Тайбай сайлау округі.
8) Өленті ауылдық округінің әкімі - Өленті ауылдық округінің шекарасындағы Өленті сайлау округі.
Комиссия төрағасы З.Б. Жүсіпова