Ерейментау ауданында ауылдар, ауылдық округтері мен Ерейментау қаласы әкімдерін сайлау үшін сайлау округтерін құру туралы

Ерейментау ауданында

ауылдар, ауылдық округтері мен Ерейментау қаласы әкімдерін сайлау үшін сайлау округтерін құру туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 21- бабы 14-тармағының 6 тармақшасына сәйкес Ерейментау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ерейментау ауданының ауылдары ауылдық округтері мен Ерейментау қаласы әкімдерін сайлау үшін сайлау округтері құрылсын:

1) Ерейментау қаласының әкімі - Ерейментау қаласының шекарасындағы Ерейментау сайлау округі;

2) Бестоғай ауылдық округінің әкімі - Бестоғай ауылдық округінің шекарасындағы Бестоғай сайлау округі;

3) Күншалған ауылдық округінің әкімі - Күншалған ауылдық округінің шекарасындағы Күншалған сайлау округі;

4) Новомарковка ауылының әкімі - Новомарковка селосы шекарасындағы Новомарковский сайлау округі;

5) Сілеті ауылдық округінің әкімі - Сілеті ауылдық округінің шекарасындағы Сілеті сайлау округі;

6) Бозтал ауылының әкімі - Бозтал ауылының шекарасындағы Бозтал сайлау округі.

7) Тайбай ауылдық округінің әкімі - Тайбай ауылдық округінің шекарасындағы Тайбай сайлау округі.

8) Өленті ауылдық округінің әкімі - Өленті ауылдық округінің шекарасындағы Өленті сайлау округі.

  1. Ерейментау аудандық округтік сайлау комиссиясының сайтында және «Ерейментау ақпарат» аудандық газетінде олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып, округтердің тізімін жариялау.

 

Комиссия төрағасы                                                 З.Б. Жүсіпова

 

 Комиссия хатшысы                                                 З.С.Ербатырова

Дата публикации
25 июня 2021