Ақмола облысы Ерейментау ауданының әкімдігі шаруа қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 15 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурс өткізеді.
Ақмола облысы Ерейментау ауданының әкімдігі конкурс өткізу туралы хабарлама бірінші жарияланған күннен бастап отыз күнтізбелік күн өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдауды бастайды.
Осы конкурсқа қатысуға өтінімдер өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қабылданады. Өтінімдерді қабылдау Ерейментау қаласы, А.Құнанбаев көшесі, 136 үй мекен-жайы бойынша 2021 жылғы 19 шілдеден бастап 2021 жылғы 09 тамызды қоса алғандағы кезеңде жүзеге асырылады. Конкурстың аяқталған күні қорытынды шығарылған күн болып есептеледі. Конкурстың қорытындысы конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні өткізіледі.
Конкурсты өткізу күні, уақыты және орны: конкурстың қорытындысы 2021 жылғы 10 тамызда сағат 10.00-де Ақмола облысы, Ерейментау қаласы, А.Құнанбаев көшесі, 121,2 қабат, мәжіліс залы мекен-жайы бойынша шығарылады.