Сайлау учаскелерін құру туралы

Сайлау учаскелерін құру туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 23-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабының 2-тармағына сәйкес ШЕШТІМ:

  1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Ерейментау ауданының сайлау учаскелері құрылсын.
  2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Ерейментау ауданы әкімінің шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Ерейментау ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы шешімнің Ерейментау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы шешім Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Ерейментау ауданы әкімі аппаратының заң қызметіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ерейментау ауданы әкімі аппаратының басшысы Е.Б. Құттыбаевқа жүктелсін.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Решение
Дата публикации
16 июня 2021