Ерейментау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 6С-17/5-17 «Сот шешімімен Ерейментау ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- Ерейментау аудандық мәслихатының «Сот шешімімен Ерейментау ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 6С-17/5-17 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6241 тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.