Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың (МӘМС) барлық артықшылықтарын пайдалану үшін емханаға тіркелу қажет

     Мұндай қажеттілік туындаған кезде көбісі оны қалай жасау керектігін білмейді. Емханаға тіркелудің үш жолы бар: Портал арқылы Egov.kz: 1. Порталда авторизациядан өтіңіз 2. Іздеу жолы арқылы "алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу" қызметін табыңыз" 3. Қызметті онлайн сұраңыз 4. Емхана мен дәрігерді таңдаңыз 5. Мекен-жайы мен байланыс мәліметтерін көрсетіңіз 6. ЭЦҚ көмегімен сұранымға қол қойыңыз 7. Қызмет нәтижелері жеке кабинетте көрсетілетін болады. Телеграм бот арқылы @Kenes1414Bot: 1. Телеграм мессенджерінде @Kenes1414Bot табыңыз 2. Телеграм ботты іске қосыңыз, "қызметтер" ашыңыз" 3. "Денсаулық сақтау" таңдаңыз, "мессенджер арқылы медициналық ұйымға тіркелу" батырмасын басыңыз" 4. Қызметті кімге қабылдайтыныңызды көрсетіңіз (өзіңізге / балаға) 5. Мекенжай деректерін растаңыз және емхананы таңдаңыз 6. Әрі қарай, бот тіркелу себебін және дәрігердің деректерін сұрайды 7. Растау кодын енгізіңіз 8. Телеграм-бот сіздің өтінішіңіздің нөмірін және көрсетілген қызметтің мәртебесін көрсетеді. Емхана арқылы: Жеке куәлігіңізбен және денсаулығыңызға қатысты құжаттармен емхананың тіркеу бөліміне хабарласыңыз. Емханаға тіркелу туралы өтініш жазыңыз. Қызмет көрсету мерзімі-1 жұмыс күні. Маңызды: тіркелуден бұрын емхананың толық атауын және емдеуші дәрігердің аты-жөнін білу қажет. Тіркелу кезінде сіз автоматты түрде алдыңғы емханадан кетесіз.

Дата публикации
20 мая 2021