Ерейментау ауданы әкімдігінің «Ерейментау ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы» қаулы жобасы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Конституциялық заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленген.
Жоба «Ашық НҚА» порталында жария талқылау үшін 05.04.2021 ж. бастап 19.04.2021 ж. дейін орналастырылған.
(сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=7881840 )